Жайық жағалауын нығайту жұмыстары уақытылы аяқталмай қалуы мүмкін

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында аудан орталығы тұсындағы Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жағалаудың жалпы ұзындығы – 4,5 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталды. Бүгінде көлбеулерін, кері сүзу сүзгісін қалыптастыру, монолитті ростверк құю, оны сыммен тоқу, бағаналарды қағу, орналастыру, темір шпунт қағу, тасты қабатты орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жағалауды нығайту жұмыстары 2023 жылдың шілдесінде аяқталады деп жоспарланған. Десе де, мұнда жұмыс күші тапшы. Техника саны жеткіліксіз. Сондықтан жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Өндірістік жұмыстар бекітілген жұмыс кестесінен кешігіп жатыр. Бұл кемшіліктер жұмыстың уақытылы аяқталмай қалуына себеп болуы мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз