Махамбетте мәслихат депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды

Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының ғимаратында аудандық мәслихаттың  VIII сайланымы депутаттарына куәлік пен төсбелгі табыс етілді. 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сағынғали Шотпақов  барша депутаттарды халық қалаулылары атануларымен құттықтады.

-Сіздердің аудандық мәслихат депутатты ретіндегі өкілеттіктеріңіз басталды. Аудандық мәслихат депутаттығына  33 үміткер тіркелген болатын. Соның 11-і додада жеңіске жетті. Сіздерді халық тікелей сайлады. Бұл артылған сенім мен үлкен жауапкершілік екені сөзсіз. Еңбектеріңіз табысқа ұлассын! Халықтың ризашылығына бөленіңіздер!, - деді ол.

Осыдан кейін С.Шотпақов  жаңадан сайланған мәслихат  депутаттарына куәлік пен төсбелгілерін тапсырды. Депутаттар атынан сөз алған Қайыржан Мәжиев сайлауды ұйымдастыру жоғары деңгейде өткенін, халықтың сайлауға қатысу белсенділігі де жоғары болғанын айтып, ризашылығын білдірді.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз