«Жайық шұғыласына» бір кісідей жазылдық

Фото: zh-shugylasy.kz

Ұлт руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан облыстық «Жайық шұғыласы» газетін жергілікті жұртшылықтың “қазақ баспасөзінің қарашаңырағы” деп бағалауы тектен-тек емес.

Қазіргі таңда облыста баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Ғасырлық тарихы бар «Жайық шұғыласы»  газеті өңір өмірінің айнасы.  

Ауданымыздың тыныс-тіршілігін, алған асулары мен жеткен жетістіктерін халыққа жүйелі жеткізуші мазмұны байыған, ойы кемелденген басылым  бетінде мәдени-рухани дүниелермен қатар, саяси, тарихи, танымдық мақалалар қатары көбейіп келеді. Ауданның мәдени тыныс-тіршілігіне қатысты оқиғалардың барлығы газет тілшілерінің назарынан тыс қалмайды. Сондықтан біз қашанда  аудандық  газеттің тұрақты оқырманы, жанашыры болуға тиіспіз.

Ғасырға жуық тарихы бар аудандық «Жайық шұғыласы» газетін бүгінде «Махамбет обаға қарсы күрес бөлімшесінің» ұжымы үзбей оқиды. 

Баспасөзге жазылу — ерікті. Бүгін оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде сенімді әрі шынайы ақпарат алғысы келген, кез келген азаматтың газетке жазылудан қалыс қалмайтыны анық.

А.Сапенов.

Махамбет обаға қарсы күрес бөлімшесінің РММ-нің бөлімше басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT