«Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Фото: baq.kz

Махамбет ауданы аумағында ағымдағы жылдың 7-10  желтоқсан күндері аралығында мал ұрлығын ескерту, алдын алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғындармен мал ұрлығының алдын-алу бойынша әңгімелесу жұмыстары, сондай-ақ мал ұрлығын жасайтын адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпаратты жинау, малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау мақсатында, аудан аумағында ет қабылдау станциялары, мал базарлар мен мал сою алаңдары, ет сататын дүкендер, сауда орындары, базарларға локальды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, күнделікті республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған жол-патрульік полиция қызметкерлерімен құжаттарсыз (ветеринариялық паспорттарсыз, ветеринариялық анықтамаларсыз, ветеринариялық сертификаттарсыз және т.б.) малды және ет өнімдерін тасымалдау фактілері тексерілуде.

Махамбет аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT