Кәсіпкер өз қаржысына 20 тұрғынды газетке жаздырды

Фото: zh-shugylasy.kz

Ұлы Абай «Адам ел құрметіне тек қана адал еңбекпен ғана бөленеді» — десе, осы тұста жеке кәсіпкер «Батима» шағын маркетінің иесі Ардақ Әділбекқызы  Есбол ауылдық округінің 20 тұрғынын аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне тегін жаздыртып берді.

Енді есболдықтар аудандық басылымнан жаңалықтарды оқып, ат­­қарылып жатқан жұмыстармен таныса алады. Жалпы, Есбол жұртшылығы Ардақтың жомарттығына, мәрт­тігіне қанық екені белгілі. Өйткені ол талайға ша­пағаты тиген азаматша.

– Есбол өңірінің дамуына қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосып келе­міз. Кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, тапқан-таян­ғанымызды көпшілікпен бөлісудеміз. Әрине, бұл – біздің парызымыз. Лайым, елімізде мұқтаж от­ба­сылардың саны азайып, халықтың әлеу­меттік жағдайы арта берсін – дейді Ардақ Әділбекқызы.

Қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, ту еткен, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жаны жаралы жандарға жылы сөзі мен нақты ісімен көмек беріп жүрген жүрегінде иманы бар мейірімді жанға аудандық басылымға қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521