«Жайық шұғыласы» газетінің оқырмандары ақшалай ұтысқа ие болды

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингі газетке жазылушылар арасында ұтыс ойынын өткізді.

Облыстық «Aтырау», «Прикаспийская коммуна» және аудандық газеттерге 6 айға және 1 жылға жазылған оқырмандар арасында өткізілген ұтыс ойынының жалпы жүлде қоры – 300 мың теңге!

Жаңа жыл қарсаңында «Сaspian News» арнасында тікелей эфир арқылы өткізілген ұтыс ойынында аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне жазылған қос махамбеттік ақшалай жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері Рустам Абишев 25 мың теңгелік, ал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Айгерім Медетова 50 мың теңгелік сертификаттың иегерлері атанды.

816c6cde-ae39-4973-80bd-6e71d7adcbb7

– Алғаш болып аудандық пошта бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анаргүл хабарласып, ұтысқа ие болғанымды жеткізді. Осыдан біраз жыл бұрын «Ақ Жайық» газетінің жазылушыларының арасында өткен лотореяда ұтысқа ие болғанбыз. Енді «Атырау-Ақпараттың» ұтысына ие болып, қуанып жатқан жайымыз бар. Сүйінші сұраған жандарды құр қол қайтармаймын. Ұтқан ақшаның қалғанын өз кәдемізге жаратамын деген ойдамын. Жаңа жылдың алдында керемет сыйлық болды. «Жайық шұғыласы» газетінің таралымы мен журналистердің жазары көбейіп, оқырмандарының саны  арта берсін. Ұтыс ойынын ұйымдастырушыларға рахметімді айтамын,-дейді 50 мың теңгелік сертификат иесі А.Медетова.

Газетке жазылған әрбір патша көңіл оқырмандарымыз үшін жағымды жаңалықтарды сүйіншілейтін сәттердің көп болатынына сенімдіміз. Төл газетіңіз төріңізден табылсын, ағайын! Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521