Махамбет ауданының учаскелік полиция инспекторы – үздіктер қатарында

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен учаскелік полиция инспекторларының республикалық слеті өткізілді.  Мақсат – жергілікті полиция жұмысының тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықты алдын алудың оң нысандары мен әдістерін тарату.

Аталған жиында «Ауылдық жерлердегі үздік учаскелік полиция инспекторы мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы» номинациясы бойынша Атырау облысы ПД Махамбет аудандық Полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы Нұрқуат Орақов «үздік учаскелік полиция инспекторы» болып танылды.

Байқау жеңімпазы ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың  грамотасымен және «Үздік учаскелік полиция инспекторы» төсбелгісімен және «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. 33 жастағы полиция капитаны 2014 жылдан бері ішкі істер органында қызмет етіп келеді. Нұрқуат – еңбекқор қызметкер, үш баланың әкесі.

– Ювеналды полиция инспекторы – бұл жай ғана қызметкер емес, ол психолог, тәрбиеші. Ең бастысы балада жеке тұлғаны ашуға, түзету жолына түсуге және баламен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін ерекшелікті табу, – дейді полиция капитаны Н.Болатұлы.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз