Махамбет ауданында жыл үздіктерін марапаттау шарасы өтті

Жыл аяқталар тұста Махамбет ауданы бойынша әр салада оза шауып, өз мамандығының хас шеберлерін анықтайтын игі дәстүр жалғасын тапты.

«Өнерпаз» мәдениет үйінде 2021 жылдың үздіктерін марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Жылына бір рет өткізілетін басқосудың басты бағыты – өз мамандығын жете меңгеріп, еселі еңбегімен үлкен жетістіктерге жеткен маман иелерін дәріптеу және мадақтау. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды дамуына зор үлес қосқан еңбеккерлерді марапаттау шарасына арнайы қатысқан аудан әкімі Ринат Жанқылыш келе жатқан жылмен жылмен барша тұрғындардың құттықтап, бір жылдың көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, сала қызметкеркерлеріне риясыз еңбектері үшін алғыс айтты.

3eb48890-0eea-4309-824f-8594e579f1a6

– Санаулы күндерден соң 2021 жыл да тарих қойнауына енетін болады. Өтіп бара жатқан жыл әрқайсымызға түрлі жаңалықтары мен жақсылықтарын сыйлады. Биылғы жылы аудан көлемінде көптеген әлеуметтік сала нысандары күрделі жөндеуден өтіп, олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Бірқатар елді мекендерге асфальт жолдар төселіп, ауыз су желілері, көше жарығы жүргізіліп, бірқатар кәсіпкерлік нысандар ашылды. Жаңа 2022 жыл – барлық арман-тілектер орындалар жыл болғай! Келер Барыс жылы толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бақ-дәулеттеріңіз арта берсін! Мақсат-мұраттарымыз бір, алар асуларымыз биік болғай, ағайын! – деп Ринат Бауыржанұлы өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, сан саланың үздіктерін марапаттады.

fbc1d361-1488-47dc-93f5-d8dd6c0d42d3

11a24060-a93b-4162-b3a2-9beb7cb224db

Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Думан Үмбетке «Үздік өрт сөндіруші», аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкері Айнагүл Сүлейменоваға «Үздік қорғаныс істері қызметкері» номинациялары табысталды. Сарытоғай ауылдық мәдениет үйінің басшысы Рысқали Жұмабаев «Үздік мәдениет саласының қызметкері», талай додада шашасына шаң жұқтырмай, жүлделі орындардан көрініп жүрген жерлесіміз, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 2-ші курс студенті Алишер Балабаев «Үздік спортшы» болып танылды. Ауылдың тазалығы мен жасыл желекке бөленуіне мұқияттылық танытқан «Western Construction Team» ЖШС координатор-механигі Аманқос Төлешов «Үздік коммуналдық сала қызметкері», ал кәсіпкерлікпен айналысып қана қоймай, кәсіп іздеп жүрген жастарға үлгі бола білген көрпе тігу және жүн өңдеу цехының басшысы Амангүл Берікқызы «Үздік кәсіпкер» деп танылды.

cd0cecb9-64c5-464a-a4bf-96220310a890

38bedc02-d3b3-4eac-8ea9-0fde1bee9d08

Еліміздің болашақ білікті азаматтарын білім нәрімен сусындатып, санасының ашықтығы мен жеке тұлға болып қалыптасуына күш салған Алға орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Ләйлә Мұқатоваға «Үздік мұғалім», балақайларға мектепке дейінгі тәрбие беруде қажырлы еңбек еткен «Алтын-Ай» бөбекжайы-бақшасының тәрбиешісі Шынар Каримоваға «Үздік балабақша тәрбиешісі» номинациясы табысталды. Пандемия кезінде өлшеусіз еңбек етіп, күні-түні дамыл көрмеген дәрігерлер мен құқық қорғау саласының қызметкерлерінің де абыройлы асқақтады. Алға дәрігерлік емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Раушан Берден «Үздік дәрігер», аудандық аурухананың жалпы тәжірибелік медбикесі Дариға Исағалиева «Үздік мейірбике», аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бақтыбек Абуталин «Үздік полиция қызметкері» деп танылды. «АтырауЭнергосату» ЖШС Махамбет аудандық бөлімінің инженері Хасен Кенжеғалиев «Үздік энергетик», аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Сырымбет Кенжебаев «Үздік мемлекеттік қызметші» номинацияларын қанжығаларына байлады.

d55ab52f-a320-46c8-9d62-22a10ef8f8b9

5b215150-dc9b-40ee-843f-babc818ccb39

Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2021» республикалық конкурсына қатысқаны үшін «Дастан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қоныс Ерманов марапатталса, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Алғыс хаты аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Гүлфайруз Төлегеноваға, облыс әкімі орынбасары Нариман Таушовтың Алғыс хаты аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айгүл Абуталинаға, облыстық спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимовтың Алғыс хаты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Назым Саменоваға табысталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының ән-шашуы мен мың бұралған биіне, З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің күй тартысына жалғасты.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521