Жайық бойындағы жаңарған ауыл

ОСЫДАН ОТЫЗ ЖЫЛ БҰРЫН ТӘҢІРДІҢ ТАРТУЫ ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АҚ ТАҢЫ ЕЛІМІЗДІҢ, ҚАЛА БЕРДІ ЖЕКЕЛЕГЕН ӨҢІРЛЕРДІҢ ЕРКІН ДАМУЫНА ЖОЛ АШҚАНЫ АҚИҚАТ.

ОСЫ ЖЫЛДАР ІШІНДЕ ӨСІП-ӨРКЕНДЕУДІҢ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН АУДАН ОРТАЛЫҒЫМЕН ҚАТАР АУЫЛДАРДА ДА КӨПТЕГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ОРЫН АЛДЫ. СОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА ІРГЕЛЕС ҚОНЫСТАНҒАН ЖАЛҒАНСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ДЕ БАР.

Ауылдың бір кездері атақ-даңқы жер жарған КСРО-ның 60 жылдығы атындағы  картоп  дақылын  өсіруге маманданған  үлкен  кеңшардың орталығы болғаны дүйім жұртқа белгілі.  1980  жылы  өз  алдына  отау тіккен  ауылдық  округке  тиесілі жердің  бүгінде  жалпы  аумағы 13300 гектарды құрап отыр. Оның 1739 га егістік алқабын қамтиды. Егіншілікті ата кәсібіне айналдырған жалғансайлықтар тәуелсіздікке дейінгі және одан кейінгі жылдары да бұл шаруашылықтарынан қол үзбеді. Қазіргі таңда мұндағы 86 шаруа қожалығының  дені жермен жұмыс жасайды, яғни, егін салып, көкөніс, бау-бақша өсірумен айналысады. Оларда 50-ге жауық адам еңбек етуде. Ел әлеуетінің жақсаруында кәсіпкерлік саласының алатын орны ерекше. Олардың мемлекет қолдауынан кенде қалып отырғаны жоқ. Ауылдағы кәсіпкерлер үшін жасалып отырған мұндай жағдай өз кезегінде жергілікті халықтың жұмыссыздық  мәселесін оңынан шешіп, тұрмысын көтеруде септігі зор. Бүгінде ауылдағы жеті жеке кәсіпкерлік нысаны (оның ішінде сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, кэмпинг және демалыс орны т.б) қызмет көрсетуде.

476e6ab9-87eb-4e56-8ff5-d89a5131131f

Ауылдық окуг әкімі Ғибрат Мырзағалиевтің айтуынша, осыдан бес жыл бұрын ауыл тұрғындарының елу  пайызынан астамы таза  ауыз суды тұтынса, дәл бүгінгі таңда ауыл толықтай жүз пайыз таза ауыз сумен қамтылып отыр. Жеке тұрғынүй аумағында бау-бақша өсірушілер үшін 15 сәуір-15 қазан аралығында жазғы су құбыры тұрақты жұмыс жасайды. Барлығы 236 отбасы тұратын, 1253 тұрғыны бар ауылда басқаларындағы сияқты кәсіпкерлік кеңінен  қанат  жайып, уақыт  талабына сай салынған жаңа ғимараттар қатары көбеюде. Ауылдың рухани ордасына айналған киелі орын «Шалқыма» мәдениет үйі  1990 жылдан бері  халық  игілігі  үшін  қызмет етуде. Бұл ғимаратта ауылдық округ әкімі аппараты, аудандық орталықтандырылған кітапхана филиалы орналасқан. Мәдениет үйінің басшысы қызметіне  2018 жылы тағайындалған  аудан  өнерпазы Қайрат Жұмашевтың бастамасымен,  мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, округ әкімдігінің қолдауымен  мәденикөпшілік, тағылымды, тәрбиелік мәні зор кездесулер мен мерекелік шаралар өткізіліп келеді. 2015 жылы типтік  жобадағы жаңа білім ордасы бой көтеріп, пайдалануға  берілген  еді.  Ал,  2019 жылы мектептің жылу беру жүйесі қайтадан жаңартылды. Тәжірибелі педагог Жексенбай Есенғалиев басқаратын білім ордасында барлығы  37,  оның  ішінде  педагогмодератор-9,  педагог-сарапшы-7, педагог-зерттеуші  -9  мұғалім қызмет етеді. 300 орынға шақталған білім беру мекемесінде бүгінде 285 оқушы бар. Өткен оқу жылында білім сапасының көрсеткіші 57,2 пайызды құрады.

33fcb1d5-f5f1-428a-b5b0-ceb7867e02ac

Аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен сайыстарға қатысып, жүлделі  орындарды  еншілеген ұстаздар  мен оқушылардың жетістіктері  аз  емес.  Олардың қатарында, 2020-2021 оқу жылында  Мағжан Есенжан республикалық «IQanat»  олимпиадасында  сертификат, Ақжүніс Өтепова облыстық «Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі» байқауында І орын, Ділдә Салықова республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орын және биология пәні мұғалімі Үздік Жиенғалиева «Үздік биолог», шет тілі пәні мұғалімі Балторғын Жұмағазиева «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі» аталымдары бойынша жеңімпазы атанды. Білім ордасында заманауи технологиялармен жарақтандырылған пәндік кабинеттерден бөлек, мұғалімдер  үшін  демалыс  бөлмесі, кең де әдемі салтанат және спорт залдары, асхана және санитарлықтехникалық  жүйе    және  өзге  де қажеттіліктер қарастырылған. Егемен елдің ертеңін тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келе жатқан ұжымдардың бірегейі – 90 орындық «Көктем гүлі» балабақшасы. Ұжымда 9 тәрбиеші,  1  әдіскер, 1 психолог мамандары, 5 тәрбиешінің көмекшісі  мен  17  техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің меңгерушісі Гүлшат Исакулова өткен жылы Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Алғыс хатына  ие болса,  ұжымдағы педагог  қызметкерлері түрлі  деңгейдегі сайыстардан жүлделі орындарды еншілеп, аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен де  марапатталып отыр.  Мұнда  бүгінгі  таңда  төрт топта 72 балдырған тәрбиеленуде. Балабақша  меңгерушісімен сөйлескенімізде сексенінші жылдары іргетасы қаланған ғимаратқа жыл сайын жай жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, материалдық-техникалық базаны жаңарту жөніндегі ұсыныстарын жолдағанын  жасырмады. Халқымыз қашанда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»  деген  нақылды  ұстанып  өмір сүреді. Десе де, күнделікті өмірдің күйбең тіршілігімен жүріп, ең қымбат байлығымыз саналатын – денсаулықты  екінші орынға ысырып қоятынымыз да бар.

41cd02cd-ffb2-41f7-9f2c-28eecd391a5a

Ауылда бұған дейін аядай ғана фельдшерлікакушерлік пункт болса 2019 жылдың наурыз айында пайдалануға берілген жаңа дәрігерлік емхана халық игілігі үшін жұмыс жасауда. Онда фельдшерлік, акушерлік, оқшаулау, емшара, егу сынды т.б. бөлмелері жасақталған. Мүмкіндігіне қарай арнаулы көлікпен, медициналық құрал-жабдықтармен де біркелкі қамтылған. Емхана фельдшері Шынар Қалиева бүгінде елдегі пандемиялық ахуалға байланысты ауыл тұрғындары арасында екпе алу қарқыны орташа қалыппен әлі де жалғасуда. Мұндағы 2 фельдшер, 2 медбике  мамандықтарына деген адалдығы мен жұмыстарына деген жауапкершіліктерінің нәтижесінде халыққа қызмет көрсетуін тоқтатқан емес. Еңбекпен есейген ауыл жұртшылығының ел тәуелсіздігін тұғырлы етуге қосып отырған үлестері аз емес. Тәуелсіздік алғалы ажары кіріп, ахуалы оңалған Жалғансай ауылының бүгінгі тыныстіршілігі міне, осындай!

 

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT