Жұмабай Қартқожақов 1904 жыл наурыз айында бұрынғы Орал облысы, 10-ауылда кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Екі кластық орыс-қазақ мектебін бітірген соң 6 айлық мамандандырылған курс оқып, одан әрі түрлі жерлерде агент, инспектор, тергуші, аға тергуеші, судья, прокурор қызметін атқарады.
1941 жылы қазіргі Махамбет, бұрынғы Бақсай аудандық мемлекеттік банкте инспектор, аудандық мемлекеттік қауіпсіздендіру инспекциясында меңгеруші болып жасаған. 1943-1944 жылдары Ұлы Отан соғысында Сталинград қаласын азат етуге қатысқан. 1944 жылы Гурьев облыстық авдокаттар алқасына мүше болып, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен.
Салтанатты шараға Жұмабай Қартқожақовтың өнегісін көрген жандар, ұрпақтар, елімізге белгілі ардақты азаматтар, мәртебелі меймандар қатысты. Айтулы азаматың атына көше беру салтанатына қатысқан аудан әкімі Р.Жанқылыш, есімі елге белгілі теміржолшы Амангелді Селбаев және өзге де азаматтар ізгі тілектерін білдірді. Отанымыздың қауіпсіздігіне орасан зор үлес қосқан тұлға, Азамат соғысының, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмабай Қартқожақовтың есімі жас ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ