«Жадырап жүрші, Жансая!»

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем беру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын.

Осыған орай, бастауыш партия ұйымына қарасты аудандық өнер мектебінің ұжымы осы шараға атсалысып, мектеп директоры Э.Ж. Еспусинова тапсырмасымен оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Жусупова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.С.Мұхамбетқалиева бастаған бір топ партия мүшелері ата – анасынан ерте айырылған әжесінің қамқорлығында тәрбиеленіп жатырған Жұмағалиева Жансаяға қаржылай көмек және киім- кешек табыс етілді Жансаяның қуанышты сәтін көріп, әжесі өз кезегінде мектеп басшысы Э.Ж.Еспусиноваға және мектеп ұжым мүшелеріне мың алғысын айтып, отбасыларына амандық, жұмыстарының жемісті болуын тіледі.

А.ЖУМАХАНОВА,

аудандық өнер мектебінің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT