Округ әкімі он балаға сый жасады

Жаңа жыл қарсаңында ертегілердегі қиял-ғажайып әлеміне енетін бейкүнә бүлдіршіндер ғайыптан пайда болатын «жарылқаушыларды» тағатсыздана күтетіні анық.

«Қуантсаң, баланы қуант» деген сөздің астарында да адамдарды ізгілікке бастайтын терең мағына тұнып жатыр. Көп балалы отбасында өсіп, ерте еңбекке араласқан бұл күнде Сарайшық ауылдық округі әкімі лауазымды қызметін абыроймен атқарып отырған Нұрғуат Досқайыров қашанда қайырымдылық жасаудан алдына жан салмайды. Ол жаңа жыл қарсаңында Сарайшық ауылын аралап, ардагерлерді мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын он балаға жеке өз атынан жаңа жылдық сыйлығын тарту етті. Айналасына мейірім шуағын шашып жүретін ауыл әкіміне ата-аналар алғыс сезімдерін білдірді.

Н.ЖАҢАЛЫҚ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз