Тәуелсіздік – тірегім

Таңдай ауылы «Райхан гүлі» бөбекжайында «Тәуелсіздік – тірегім» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

Мақсаты – өз Отанын, ел ордасы Астананы мақтан тұту, Отанға, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалар тәуелсіздік тақырыбына арналған өлең жолдарын оқыды. "Гүлжазира Қазақстан» әнін, «Достық» әнін балалар нақышына келтіріп орындады. Бөбектер орындаған «Ұландар» биін шараға қатысушылар жақсы қабылдады. «Астана ару қала» атты саяхат ұйымдастырылды. Балалар тәуелсіздік туралы деректі фильмді тамашалады. Бөбекжай меңгерушісі Б.Қабижанқызы шараға қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып, белсене қатысқан бөбектерге алғысын білдірді.

З.ҚАРАСАЕВА,

«Райхан гүлі» бөбек- жайының тәрбиешісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT