Жаңа жолдар – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстар елдің болашағына, халықтың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз.

Қазір Қазақстанда 13 мың шақырым автокөлік жолының салынуы мен жөнделуі – жай ғана құрылыс емес, бұл ел экономикасының қан тамырына қан жүгірту. Әр жаңа жол – өңірлер арасындағы байланыс, әр жөнделген жол – жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осындай жүйелі істердің арқасында ел ішіндегі қозғалыс жеңілдеп, ауыл мен қала арасындағы алшақтық қысқарып келеді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, транзиттік дәліздердің маңызы айрықша. Себебі жол тек жүру үшін емес, даму үшін салынады. Ол арқылы өндіріс жанданып, сауда айналымы кеңейіп, шетелдік әріптестік нығаяды.

Біздің аудан халқы үшін де бұл бастамалар – өмір сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауылдық аумақтардың дамуына жол ашатын нақты қадам деп білеміз. Ел Президентінің осындай стратегиялық бағыттары әр өңірдің өркендеуіне өз серпінін беретініне сеніміміз мол.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ,

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT