Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауын жариялады.
Бұл маңызды құжатта еліміздің цифрлық болашағын айқындайтын негізгі бағыттар мен нақты міндеттер көрсетілді. Президент жасанды интеллектті тиімді пайдалану, мемлекеттік басқару жүйесін автоматтандыру, білім беру мен еңбек нарығын жаңа талаптарға бейімдеу, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрлық технологияларды кешенді енгізу — Қазақстанның экономикалық дамуын жеделдетіп, жаңа сапалық деңгейге көтерудің басты шарты. Сонымен қатар, деректердің қауіпсіздігі мен этикалық нормаларды сақтау – мемлекет пен қоғам үшін ортақ жауапкершілік болуға тиіс.
Президенттің стратегиялық бастамалары елімізді инновациялық және технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекеттердің қатарына қосуға бағытталған.
Е.Қуанышев,
Махамбет аудандық мәслихат депутаты