Еңбек пен әділдік – Жолдаудың басты бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Президент атап өткендей, еңбек адамдарына лайықты жалақы төлеу – мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Себебі жұмысшы мамандар – елдің экономикалық дамуы мен қоғамның тұрақты тіршілігінің негізі.

Махамбет ауданында да өз ісіне адал, еңбекқор азаматтар көп. Олар ауыл шаруашылығы, құрылыс, жол жөндеу, коммуналдық қызмет және өзге де салаларда тынымсыз еңбек етіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Қарапайым еңбек иелерінің қажырлы еңбегі – ауылдың көркеюі мен халықтың әл-ауқатының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан оларға лайықты құрмет көрсету, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту – уақыт талабы.

Жұмысшы маманның еңбегіне деген құрмет – қоғамның рухани деңгейін айқындайтын өлшем.

 

Г.Жолдасқалиқызы,

Белсенді жас,

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT