Жаңа мөлтек аудандардағы құрылыс қарқынды

фото : аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Ауылдық округтерге қарасты бірнеше жаңа мөлтек ауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары біртіндеп жүзеге асуда. Атап айтсақ, Махамбет, Жалғансай, Сарайшық, Бейбарыс, Алға ауылдарының жаңа мөлтек аудандарына газ, су, электр құрылыстарын жүргізуге жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, бүгінде жұмыстар қарқынды жүруде.

Жуырда аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев Махамбет ауылындағы Мерей мөлтек ауданы мен Жалғансай ауылына электр желілерін тарту жұмыстарының барысымен таны-сты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаның құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС атқаруда. Жобаның жалпы құны 4 423 625,0 мың теңгені құрайды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 2362 жаңа жер телімін беру мүмкіндігі қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 95 пайызы ақталып, жыл соңында тапсырылады деп жоспарланып отыр. Нысанды аралау барысында аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, барлық жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды. Ауданның жол инфрақұрылымы бойынша да кезең-кезеңмен бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 11 жоба басталған болатын. Оның екеуі кірмежол болса, қалғаны – ауылішілік жолдар. Махамбет, Алға, Талдыкөл Сарайшық, Ортақшыл, Ақтоғай, Жалғансай ауылдарының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге бүгінде қаржысы қаралып, жұмыстары жалғасуда. Шаттық және Жаңа ауыл мөлтек аудандарына жазғы су құрбырларын жүргізуге жобалық сметалық құжаттама жасақталып, қаржысы бойынша облыстық энергетика басқармасына сұраныс берілген.

Ауылдық округтерге жазғы су құбырын жүргізу бойынша бес-алты жоба жылдың аяғына дейін аяқталса, облыстан қаржысы сұралатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT