Бүгін «Ақжайық» мәдениет үйінде орналасқан № 233 сайлау учаскесінде жергілікті халық өз таңдауын жасап дауыс берді.
Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Серік Тасмағамбетовтың айтуынша, 620 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде биылғы сайлауда дауыс беру құқығына ие болған 18 жастағы 2 азамат бар. Таңертең 07.00-ден басталған дауыс беруге сайлаушылар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
Учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы кабина жасақталған. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмаған үш азаматтың алдын ала берген өтініші негізінде дауыс беру жәшігі үйлеріне апарылды.
Сондай ақ, учаскеде төрт байқаушы бекітіліп, сайлаудың өту барысын бақылады.