Жаңа Конституция – елдің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат қана емес, ол ұлттың рухани болмысы мен мәдени дамуының да кепілі. Мәдениет саласының қызметкері ретінде мен үшін Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты көрсетілуі, сөз еркіндігі мен шығармашылық еркіндікке берілген кепілдік – аса маңызды.
Мәдениет – халықтың жаны. Театр, кітапхана, музей, мәдениет үйлері арқылы біз ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз. Сондықтан заң алдында бәрінің тең болуы, әр азаматтың өз ойын ашық білдіруге құқығы болуы – шығармашылық адамдар үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа Конституция мәдениет саласының дамуына, ұлттық мұраны қорғауға және ана тіліміздің мәртебесін нығайтуға негіз болады деп сенемін.
Сонымен қатар, Конституцияда әлеуметтік мәселелерге, білім мен мәдениетке көңіл бөлінуі – ел болашағына жасалған маңызды қадам. Өйткені рухани бай қоғам ғана өркениетті мемлекет құра алады.
Біз, мәдениет қызметкерлері, жаңа Конституцияны қолдай отырып, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесімізді қоса береміз.
#ЖаңаКонституция


