Сабақ барысында оқушылар терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны, олардың пайда болу себептері және алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат алды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мұндай әрекеттердің жауапкершілігі түсіндірілді.
Оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, жалған ақпарат пен радикалды идеялардан сақтану жолдары айтылды.
Мақсат – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті, заңға құрметті және қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру.
#заңментәртіп


