Конституция – ел дамуының берік тұғыры.

Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы, қоғамның құқықтық іргетасы. Біздің еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Бұл құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік басқару жүйесі мен билік тармақтарының өкілеттігі айқындалған.
Конституция – тек заңдар жинағы емес, ол халық пен мемлекет арасындағы өзара келісімнің көрінісі. Онда әр азаматтың теңдігі, сөз бостандығы, еңбек ету және білім алу құқықтары нақты көрсетілген. Сонымен қатар елдің тұтастығы, тәуелсіздігі мен зайырлы қағидаттары бекітілген.
Негізгі заң уақыт талабына сай жетілдіріліп отырады. Бұл қоғамның дамуына, демократиялық құндылықтардың нығаюына жол ашады. Конституцияны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Себебі заң үстемдігі сақталған жерде әділдік пен тұрақтылық орнайды.
Сондықтан Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын, бірлігімізді бекемдейтін басты құжат деп есептеймін.

#Конституция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT