Жаңа Конституция – ел болашағын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат. Бұл өзгерістер ең алдымен халықтың мүддесін қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге басымдық берілгені көңіл қуантады.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесінде тепе-теңдік пен жауапкершілік арттырылып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі кеңейтілуде. Бұл – демократиялық қағидаттардың нығая түсуінің айқын көрінісі.
Жаңа Конституция елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң серпін береді деп сенемін. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау салаларына ерекше мән берілуі – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам.
Бүгінгі өзгерістер – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан маңызды бастама. Сондықтан әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын сақтауы тиіс.
#ЖаңаКонституция
#ӘділеттіҚазақстан
#ЗаңҮстемдігі


