Жаңа Конституция – әділетті қоғамның негізі.

Жаңа Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Бұл өзгерістер ең алдымен халықтың үніне құлақ асатын, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған деп ойлаймын. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән беріліп, заң үстемдігін қамтамасыз ету басты басымдық ретінде қарастырылғаны көңіл қуантады.
Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту аса маңызды. Жаңа Конституция осы сенімді арттыруға, әр азаматтың ел өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Әсіресе, әлеуметтік әділдік, тең мүмкіндік, жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарының күшеюі – болашақ ұрпақ үшін жасалған маңызды қадам.
Меніңше, Конституциядағы жаңашылдықтар елдің тұрақты дамуына, экономикалық өсімге және қоғамдық келісімнің сақталуына оң әсер етеді. Бұл – еліміздің бірлігі мен ынтымағын бекемдей түсетін, өркениетті мемлекет құру жолындағы нақты шешім.

#ЖаңаКонституция
#ӘділеттіҚазақстан
#ЗаңҮстемдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT