Конституция – ел дамуының темірқазығы.

Конституция – кез келген мемлекеттің ең басты құжаты, елдің құқықтық іргетасы. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындап қана қоймай, мемлекеттің басқару жүйесін, заң үстемдігін және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан Конституцияға деген құрмет – елге, жерге, болашаққа деген құрметпен тең.
Менің ойымша, Конституция – әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін маңызды құжат. Онда білім алу, еңбек ету, денсаулық сақтау, сөз бостандығы сияқты негізгі құқықтарымыз нақты көрсетілген. Бұл – еліміздегі әрбір адамның заң алдында тең екенін білдіреді. Заң үстемдік құрған қоғамда әділдік те, сенім де нығая түседі.
Қазіргі таңда Конституция қоғам талабына сай жетілдіріліп, халық мүддесіне бағытталған өзгерістер енгізілуде. Бұл – еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Азаматтардың пікірін ескеру, халықтың рөлін арттыру – әділетті қоғам құрудың негізі.
Қорытындылай келе, Конституция – тұрақтылық пен бірліктің кепілі. Әрбір азамат Ата Заңды құрметтеп, оның талаптарын сақтағанда ғана еліміз өркендеп, болашағымыз жарқын болмақ.

#Конституция
#АтаЗаң
#ЗаңҮстемдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT