РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДА ДАРАЛАНДЫ

Ақтөбе қаласында балалар және жасөспірімдер, қыздар арасында каратэ до кекушинкайдан республикалық турнир өтті. Ауқымы кең бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар бақ сынады.


Махамбет ауданының спортшылары да аталған сайысқа қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Турнир нәтижесі бойынша Ілтипат Асхатқызы қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтып, турнир чемпионы атанды. Нұрфая Жәнібек, Әмір Абдоллаұлы және Сезім Жұмажан күміс жүлдені еншілесе, Алихан Қайролла, Інжумаржан Төленбай, Айназ Рахметолла, Еркеназ Азербай, Абдурахман Есімжан және Айкен Құбай қола жүлде иегері атанды. 
Каратэ до кекушинкай — тәртіп пен төзімділікке, дене мен рух үйлесіміне баулитын жекпе-жек өнері. Бұл спорт түрі жасөспірімдерді жеңіске деген жігерге, өзін-өзі қорғауға, табандылық пен тәртіпке тәрбиелейді. Жүлдегер спортшылар мен олардың бапкерлерін құттықтай отырып, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT