Жаңа белеске дайын партия

Еліміздің барлық  өңірлерінде «NurOtan» партиясының саяси кеңестері  өтіп,  жетекші  партияның  кезектен  тыс ХХІІ  съезіне 399  делегат  сайланған  болатын,  оның   393-і  онлайын  форматында   өткен жиынына қатысты. Партия 1999  жылы 1  науырызда  құрылған.

Сан  ғасырлар  бойы   аңсап  келіп, қолына  алған тәуелсіздігін Қазақстан  әлеуетін   халықаралық  хартияға  сай дамытудың жолдары  шығармашылық  тұрғыда  жедел  іздестіріледі. Сол  тұстағы  немесе  Қазақ  елінің  Тұңғыш Президенді,  Елбасы Н.Назарбаев Малазия  мен  Сенгапур сияқты  дамып  кеткен  елдер  тәжірибесіне  сүйене  отырып, еліміздің  менталитетіне  сай   атақты  немесе  Қазақ  еліне  даму  жолы бар  мемлекет  екенін  дүние  жүзіне  танытқан  1997  жылы қабылданған «Қазақстан -2030»  немесе  Қазақстанның отызыншы жылға  дейінгі  даму бағдарламасы тарих  жылнамасында  алтын  әріппен  жазылды.  Тоқаныншы  жылдары  республикада  он  алты саяси  партия болды. Даму бағдарламасын  саяси партиялар   жарыса  мін тағып, сын  айтумен белсенділік  көрсетіп  баққанмен,  өздерінің  тарапынан баламалы стратегиялық даму  бағдарламасын жасап бере  алмады. Олар бұл  даму  бағдарламасын  Қазақстан  халқына  ертегідей  көрсетті.  Бағдарламаның  орындалуы  мүмкін  емес  деген  болжамдар  жасады. Міне,   халықты  осы  стратегиялық  даму  бағдарламасын орындауға жұмылдыратын  және  Тұңғыш  Президенттің – Елбасының  келесіде  өтетін Президенттік сайлауда да  өзін  қолдайтын  саяси  партия  керек  болады. Содан «Отан» деген  республикалық саяси  партия  өмірге  келеді. Осы  саяси республикалық  партияның қолдауымен  елімізді отыз жылға  арналған  даму  бағдарламасы   он бес жыл  ішінде Қазақстанды даму  жолына түскен 50  елдің қатарына  қосып, елімізді  өзіндік даму  жолы  бар  тәуелсіз мемлекет  екендігімізді   әлемге  танытты.

Партияның  мемлекет  басшысын  саяси  жағынан  қолдауының  нәтижесінде даму  жолын  тапқан Қазақ елі 2012  жылы әлемнің дамыған  отыз  елінің  қатарына  қосылуды көздеген, елу  жылға  арналған, «Қазақстан -2050»  деп  аталатын ұзақ  мерзімдік стратегиялық даму бағдарламасын  қабылдауға қол  жеткізеді. «Отан»  Республикалық Саяси  партиясы алтыншы жылы кезектен  тыс  жетінші  съезінде «NurOtan»  партиясы  болып қайта  құрылып жарғысы  мен саяси бағдар  ұстанымын айқындаған  болатын. Отан саяси  партиясының құрылғанына  23  жыл  толды. Партия Қазақстан  қоғамында  жетекші партия  деген абыройлы  мәртебесін ұстап  келеді. «NurOtan»   партиясы  әлемдегі  өзгерістерге, ата-баба тарихына  жаңа  көз  қарастармен  қарап,  қоғаммен  жұмыс әдісін, мәнісін, соған  сай құрылымын  жаңғырту  үстінде.

«NurOtan» партиясы  28  қаңтарда  өткен кезекті  ХХІ  съезінде  партия  төрағалығына  қазіргі  Қазақстан Республикасының  Президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаевты бір  ауыздан  сайлады.  Бұл  съезде сонымен  қатар партияның  алдағы  кезектен  тыс  өтетін ХХІІ съезінде  қаралатын  мәселер  айқындалды  деуге  болады.  

Жиырма  екінші  съезд  1 наурыз  күні одағыдай   өтті. Президент  съезде еліміздің  «Жаңа  Қазақстан» жөніндегі ауқымды  міндетті орындауға кіріскенін айта  келіп, партияға  осы стратегияны орындау  жолындағы  еңбекке Қазақстан  халқын жұмылдыру ісінде партияның  осы  мағанаға  кіретін  өзіндік  саясаты болуы, мемлекеттік органның  жұмысын  қайталамау, мемлекеттік аппарат жұмысына жол  сілтеп отыруқажеттігін  міндетеді. Сонымен  қатар төраға – Президент Қ.Тоқаев партияның  өміршеңдігі  сайлауалды  уәделердің қаншалықты орындалуына байланысты  екендігін түсіну қажеттігін  айта  отырып, «арық  айтып семіз  шық» ,- деген халықтың есті   сөзін алға  тартты.Төраға «заман,  қоғам, адам  өзгеріп  жатқанда, партияны  өзгеруі  заңдылық», -  дей  келіп, саяси  партия  атауын AMANAT  деп  өзгертілетінін  жариялады. Бұл  мәлімдеме партияның  алдағы атына сай  халқына  қызмет  көрсету бағдарының бағытын білдіреді деп  түсінеміз.

Айта  кеткен  дұрыс.  Партияның  атауы  AMANAT   болып өзгере  қойғанымен  заңды  тұлға  ретінде  тіркелмегені ескеріліп, партияның  бұрынғы  атауымен  атай  тұрамыз. Тәуелсіз  елімізбен  бірге  өсіп,  басты  қоғамдық  - саяси оқиғалардың  бел  ортасында  жүрген  партиямымыздың  осы жылдары  еңбегін  жоққа  шығару  мүмкін  емес. Баршамыз көршілес  елдер  секілді  үлкен жолдың  айрығында  тұрмыз -  ұлт  ретінде  «бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас шығарып», әрі  қарайғы  даму  құқымызды  дәлелдейтін  кез  келді. Жоғарыда  айтқанымыздай партияның атауымен  қатар,  жұмыс  моделін түбегейлі  қазіргі  заман  талабына  сай өзгерді.  Ол жеті  бағытты ұстанады. Партияның өзара  ынтымақтастығын нығайту, қоғамды  шоғырландыру,  идиологиялық  және  кадрлық  жұмысты  жандандыру,  өкілетті  оргындардағы партия  фракциясын қайта  жандандыру,  қоғамдық  қабылдау  бөлімдерінің  қызметін  белсенді  ету,  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күресті  күшейту,   жастарды  әлеуметтік – экономикалық   бейімдеуге  ерекше  назар  аудару  болып  белгіленді.

«NurOtan»  партиясының  Махамбет  аудандықфилиалы  құрамындағы 11  бастауыш  ұйым  1622  партия  мүшесін  біріктіріп  ауданның  әлеуметтік – экономикалық  дамуына бір  кісідей өз  үлестерін  қосып  келеді. Ол болашақтың  ісі. Дейтұрғанмен  айта  отырған  абзал. Партияның  негізі - бастауыш  ұйымдарды «округтік  бастауыш  партия  ұйымын»  құру  арқылы нығайту  жоспарлануда. Партияның ауданды  дамытуға  арналған бес  жылдық  жұмыс жоспарына  кешенді талдау жұмыстары  жүргізілуде. Партия  филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің  жұмысын  оңтайландыру  шаралары  ұйымдастырылуда.  Нақтырақ  айтатын  болсақ,  салалық  мәселер  бойынша  көтерілетін сұрақтар  тым  ұқсас  болғандықтан аудандық филиалдың  жанындағы сегіз қоғамдық  кеңесті бес  кеңеске  біріктірілді.

Партияның  жастар  қанатының  жұмысын  толықтай  қайта  жаңғырту  маңызды  жұмыстардың  біріне  айналды.  Аудандық  филиалдың  жанындағы Jas Otan    қатарында бес  жүзге  жуық жастар қабылданған. Олардың нағыз  көшбасшыларын  таңдау  жобалары  жасалуда.

«Жақсы  жанжалдан  жаман  татулық  артық.  Бейбітшіліксіз  даму  болмайды»  ұстанымы  бар жетекші  партияның  атына  сай халқына  қызмет  көрсете  беретініне  сеніміміз  мол.

                                                                   

Р.ӘЖЕНОВ,

«NurOtan» партиясының  Махамбет аудандық  филиалы

төрағасының бірінші  орынбасары

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT