«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында Алғыс айту күніне орай шара өтті

edb66783-cf2f-4528-a360-0f768a58be0aКөктемнің алғашқы күнінде «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында  Алғыс айту күніне арналған «Ізгіліктің бір ізі -  алғыс айту» атты мерекелік іс-шара  өтті.

Мерекеге мектепке дейінгі тәрбие саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, саналы ғұмырларын ұрпақ тәрбиесіне арнаған еңбек ардагерлері Тағамбаева Қалжан Нұрқызы мен Масалимова Болған Ғибатоллақызы шақырылды. Алдымен бөбекжай меңгерушісі Нұрбану Болатқызы сөз алып, еңбек ардагерлерін құттықтап, өзінің жүрекжарды алғысын білдірді. Бөбекжай тәрбиешілері  өлең жолдарын арнап, гүл шоқтарын табыс етті.

d4716e28-af4c-4088-8f86-1f6c00a2d0fe

Еңбек ардагерлері ұстаздарымыз Тағамбаева Қалжан Нұрқызы мен Масалимова Болған Ғибатоллақызы сөз алып, еңбек жолдарының қиын да қызықты тұстарын әңгімелеп, ұжымға игі тілектерін арнады.

Бөбекжай бүлдіршіндері қонақтарға  «Біз бақытты баламыз» әнін орындап, мың бұралған  билерімен тәнті етті. Сонымен қатар тәрбиешілер  Ашимова Жанаргүл, Еркінова Ақтоты әннен шашу шашып, қонақтарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Кеш соңында бөбекжай меңгерушісі Нұрбану Болатқызы еңбек ардагерлері  ұстаздарымызға сый-сыяпаттарын табыс етті.  Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Ұжымым атынан ардагер ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.

 

Асем Сатаева

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, педагог-модератор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521