Жәрмеңкеде сатылатын еттің бағасын кім бақылайды?

Қазақ пен ет – егіз ұғым. Дархан халқымыздың дастарханын етсіз елестету мүмкін емес.

  Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретін еттің мол болғаны жақсы-ау. Алайда, қазіргідей бағасы шарықтап тұрған уақытта еттің әр қазақтың дастарханынан табыла қоюы неғайбіл?

«Үйдегі көңілді базардағы баға бұзады» дегендей, еттің базардағы бәсі кім-кімнің де қалтасына оңайға соғып тұрған жоқ. Ет қарапайым халық үшін түсінде ғана көретін қолжетімсіз тағамға айналып барады. Әр аптаның сенбі күндері өтетін жәрмеңкеде кәсіпкерлер ет өнімдерін халыққа ұсынады. Ал, бағасы біз ойлағандай емес. Жәрмеңке дегесін сәл де болса, арзандау етіп сатса болар еді ау дейміз? Бірақ оған құлақ асып жатқаны жоқ. Неге қымбат десең, айтатындары «барлық жерде осы баға, жемшөп қымбат» деген сылтау ғана.  Мәселен,  сиыр еті – 2000 теңге, түйе, жылқы еттері – 2300-2500 теңгеден сатылуда. Жиырма мыңға он келі ет алсаң, соның көп бөлігін құрайтын қу сүйек қана. Сүйекке осынша ақша жұмсағанша, қара кесек еттің өзін алған артығырақ емес пе?

Жеке кәсіпкерлер мен бағаны бақылаушы құзырлы мекемелердің құлағына алтын сырға. Менің айтайын деген ұсынысым, сүйектен етін ажыратып сатса, халық үшін тиімді болар еді ғой. Сүйекті де тастамай, келісін аз ғана бағадан сатылымға қойса, қажет еткен адам онсыз да алады.

Қазір қыс айының ортасына келдік. Нағыз соғымның уақыты.  Денсаулығымыз үшін еттің, сорпаның пайдасы айтпаса да түсінікті. Жоғарыда айтқан ұсынысым қолдау табады деп сенемін.

 

С.ЖАЙЫҚОВ, ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз