Ахмедияр Рысқалиев, мемлекеттік қызметкер: «Елге қызмет ету – мінезден»

Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Мемлекеттік қызметші атану – адамның кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуын талап етеді. Және ең бастысы өзгеге үлгі бола білуі қажет.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында: «Мемлекеттік басқару саласы кешенді реформалауды қажет етеді. Кадрлық әлеуеттің төмендігін, формализмді, жемқорлықты және кадр тұрақтамауын мойындау керек. Сондықтан халықтың мемлекеттік билік институттарына сенімі төмен. Мемлекеттік қызметке алу талабын жетілдіру, артық талаптар мен кедергілерді жою керек. Жұмысқа қабылдау мен жоғарылатудың нақты принципі «меритократия» болуы керек. Мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандық үшін ашық болғаны жөн»,- деді.

Шындығында, мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер беріледі. Бұл да мемлекеттік қызметшілердің келешегі үшін жасалып отырған қадам деп атауға болады. Заңсыз кадрлық шешімдерді болдырмау үшін енгізілген меритократия қағидаты адамның қоғамдағы орны әлеуметтік жағдайымен емес, оның қабілеттерімен және сіңірген еңбегімен анықталатын жүйені сипаттауымен ерекшеленеді. Меритократия қағидаты бойынша атқарған жұмысының тиімділігі негізінде мансап жолында төменгі лауазымнан басшы лауазымға дейін көтерілгендер арамызда бар.

Ал мемлекеттік қызметке жаңадан келген маманға жаңа жұмыс орнында, бейтаныс ортада, өзіне қойылған талаптар мен міндеттерді бірден кірісіп, қарқынды алып кету оңай болмайтындығы белгілі. Сондықтан алғашқы уақытта мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйрететін, тиісті көмек көрсететін тәлімгер институты мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізіліп, өзінің оң нәтижелерін беруде. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Барлық шенеунікті бірден жастармен ауыстыра салуға болмайды. Бұл жерде мейлінше қисынды қадам қажет. Егер 60 жастағы шенеунік өз қызметін ойдағыдай атқарса, институционалдық жадқа ие болса, мемлекеттік қызмет үшін өте пайдалы болса, оны жұмыстан шығаруға болмайды. Яғни ақылға қонымды, сараланған көзқарас болуы керек. Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тиісті тетіктерді әзірлеп, енгізуді тапсырамын»,- деді. Бұл жерде жаңашылдықты қалт жібермейтін, қызметін тиянақты атқаратын тәжірибесі мол мемлекеттік қызметкердің жас маманға үйретері де көп болмақ. Сондықтан мемлекеттік қызметтен кету,алу процесін жеңілдету туралы Президент тапсырмасы құптарлық.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» дегеніндей, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың жұртшылық алдындағы мемлекеттік басқару органдарының имиджін анықтайтын мінсіз мінез-құлықтарымен қатар жүруі қажет. Мемлекет басшысының Мәжіліс отырысында айтқан сөздері еліміздегі мемлекеттік қызметте еңбек еткісі келетін жастар үшін өте маңызды. Себебі, мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер үшін еш кедергі болмауға тиіс. Кез келген жоғары білімді азамат елі үшін адал қызмет еткісі келсе, бұл тұрғыда ешқандай қиындық болмағаны жөн. Президент осылайша жастарға зор мүмкіндік пен әрі қарай дамуға үлкен серпін берді. Еліміздің болашағы — жастар десек, қай салада болсын жастарға мол мүмкіндік берілуі керек. Сонда ғана олар елімізді дамытып, әр салада абыройлы еңбек ете алады.

Ахмедияр РЫСҚАЛИЕВ,

Алға ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT