Махамбет ауданы әкімі С.Рысқалиевтың тапсырмасына сәйкес «Өрт қауіпсіздігі шараларын алдын алу және болдырмау» мақсатында жұмысшы тобы құрылды.
Құрылған топ аудан көлемінде орналасқан мейрамханаларды, шайханаларды, сауда орындарын, қонақ үйлерді аралап, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы тобына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімі аппараты, аудандық ішкі істер бөлімі және ауылдық округ әкімдері жұмылдырылды.
Өз тілшіміз.