Салт-дәстүрлер қастерленді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрі жандандыру арқылы қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында Сарытоғай ауылдық кітапханасында «Ой -көкпар» зияткерлік сайысы жоғары дәрежеде өтті.

Сайысқа Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінен «Тарих»тобы, «Балбөбек» бөбекжайынан «Шежіре» тобы, ауылдық округ қызметкерлерінен «Мұра» тобы қатысып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық құндылықтары туралы ой-орамдарын ортаға салып, білгендерін қызу талқылады. Сайысты кітапхана меңгерушісі Қ.Айдарова қорытындылап,топтарды «Алғыс хат ,бағалы сыйлықтармен марапаттады.Сарытоғай ауылдық кітапхана меңгерушісі Қ.Айдарова «Кітап»апталығына байланысты «Балбөбек» бөбекжайында «Ертегілер әлемі»атты ертегі кітаптары,балалар журналы «Балабек», «Мөлдір бұлақ», «Балдырған», «Айгөлек», «Жыл он екі ай» т.б жергілікті жазушылардың балаларға арнаған ертегілерінен библиографиялық шолу жасады.Бөбекжай меңгерушісі Нұрхиева Айгүл өз атынан және бүлдіршіндер атынан ризашылығын білдіріп,топ тәрбиешісі Ә.Айдарова балаларға ертегі айтып, өз түсініктерімен ой бөлісті.Мұндағы басты мақсат — жасөспірімдерді кітап оқуға және ертегілер арқылы рухани құндылықтарды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болды.

К.САПАРҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521