Өзекті мәселелер қаралды

«Amanat» партиясы аудандық филиалында қоғамдық кеңестің жоспарға сәйкес кезекті отырысы өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіне аудандық жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен ондағы проблемалық мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар енгізілді. Сонымен қатар «Махамбет ауданы бойынша көрсетілетін коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы қаралды. 

Алғашқы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Алтынбек Зұлқашев баяндама жасап, бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері мен олардың орын¬далу барысына тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылдың 11 айында бөлім арқылы 413 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметінің электронды форматқа ауысуы барысында туындаған техникалық ақауларға байланысты бұл қызметтің уақытша қолжетімсіз екені айтылды. Қазіргі таңда мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Дастанбек Расулиев баяндама жасады. Ол тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу, отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған шаралар туралы мәлімет берді. Ағымдағы жылдың 11 айында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 112 құқық бұзушылық тіркелгені атап өтілді. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қолайсыз отбасыларды анықтау және оларға қолдау көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны айтылды. 
Ал үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің басшысы Шамшырақ Бағдалова коммуналдық қызметтерге қатысты қаулы жобасына енгізілетін өзгерістерді таныстырды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, талқылау жүргізілді. 

Жиынды қорытындыла ғ ан қоғамдық кеңес төрағасы Р.Әженов күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, оларды белгіленген мерзімде орындауды тапсырды. 


Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT