Заңсыз балық тасымалдаған азаматқа айыппұл салынды

Заңсыз балық тасымалдаған азаматқа айыппұл салынды

Кінәлі деп танылды.

Аудандық сотта Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізуші А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы жеке меншік автокөлігімен 92,9 кг сазан және 270,8 кг мөңке балықтарын құжатсыз түрде заңсыз тасымалдаған.

Сот отырысына «WhatsApp» желісі арқылы байланысқа шыққан А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындайтынын, аталған балықтарды бұрын таныс емес адам Орал қаласына апаруға салып жібергенін, өз әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен заңсыз балық тасымалдаған азамат кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 24 419 теңге айыппұл салынды. Алынған балықтар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз