Өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні

Аудандық өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті.

Аудандық Төтенше жағдай бөлімі мен № 11 өрт сөндіру бөлімі бірлесіп «Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне» байланысты ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы оқушылары арасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Кездесу барысында азаматтық қорғау қызметінің құрылуы және сонымен қатар ҚР ІІМ ТЖК –нің Көкшетау техникалық институты туралы оқуға түсу шарттары мен оқу тәртібі айтылды. Оқушылар ашық есік күнінде өрт сөндіру-құтқару техникаларымен, құтқару жабдықтарымен жалпы от жауынгерлерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

s

Қатардағы өрт сөндірушілердің күн сайын өз өмірін қатерге тігіп,адамдар мен тұрғын үйлерді оттан, төтенше жағдайлардан құтқаратын жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ лаулап тұрған өртті ауыздықтандыруға, қысқы уақыт ішінде ғимараттардың жоғарғы бөлігіне немесе шатырға шығуға ең қауіпті аймақтардағы өрттен адамдарды алып шығуға,өрт сөндіру және құтқару техникасы мен құрал жабдықтары да көрсетілді. Ал мектеп оқушылары болса, өрт сөндіру мамандарының шұғыл іс әрекеттеріне қызығушылық танытты.

Бұл кездесудің басты мақсаты да төтенше жағдайларда мектеп оқушыларының қауіпсіз өмір сүру дағдысын дамыту және жетілдіру алған білімдерін тәжірибе ретінде пайдалану.Өрт техникалық қағидаларын жедел құтқару жарақтарымен құтқарушылардың қызметін жас ұрпаққа таныстыру және оларға кәсіби бағдар беру болатын.

А.НУРГАЛИЕВ,

аудандық №11 өрт сөндіру бөлім бастығының орынбасары,

азаматтық қоғау майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521