Заңсыз балық аулап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Аудандық сотта Ж-ға қатысты әкімшілік іс қашықтықтан «WhatsApp» қосымшасы арқылы қаралды.

Сотпен анықталғандай, құқық бұзушы Ж. Жайық өзені жағасында қара балыққа арналған ұзындығы 10 метр, тор көзі 50х50 мм, түсі сары болатын тыйым салынған ау құралымен балық аулаған.Ұсталған мезгілде балығы болмаған.

Оның бұл әрекеті балық аулау қағидаларын өрескел бұзу ретінде, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен дәрежеленген.

Сот отырысында Ж. кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтыны және жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.

Аталған баппен Ж-ны кінәлі деп тауып, оған 20 АЕК мөлшеріндегі айыппұлды 30 пайызға қысқартып, яғни 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз