Балалармен «Ашық есік» күні өткізілді

Жақында 19 қазан - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 25 жыл - «Құтқарушылар күні» мерекесіне орай, аудандық №11 өрт сөндіру бөліміндегі қызметкерлердің балаларына арналып «Ашық есік» күні өткізілді.

Бұл шараға жалпы саны 17 бала жиналып, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қызметтегі тыныс-тіршілігімен, құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі күш-құралдарымен және арнайы өрт-сөндіру автокөліктерінің жағдайларымен кеңінен танысты.

Сонымен қатар, балаларға қарауыл ауысымында тұрған қызметкерлердің радителефоншы, сабақ оқу, жатын, асхана, жаттығу т.б бөлмелері көрсетіліп, ғимарат ауласының алдында өрт сөндіру автокөлігінен су беру арқылы практикалық жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды.

bala81020

Шара барысында, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бағытында жадынама бетшелерін таратып, балаларды өрт қауіпсіздігіне жол бермеуге шақырды.

Кездесуге келген балалар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер және өрт қауіпсіздігі бағытында түсінбеген сұрақтарына өз жауаптарын алып, жақсы көңіл-күйде тарасты.

Ержан АХАНОВ,

аудандық №11 өрт сөндіру бөлімі бастығы,

азаматтық қорғау капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT