«Адалдық алаңы» өкілі үгіт-насихат жұмысын жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің өткен жылғы қыркүйектегі жолдауында «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болатындығын» атап өткен болатын.

Өз кезегінде «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің жұмысы да билік пен халық арасындағы түсіністікті қалыптастыратын алаң деп атауға болады.

alan81020-4

Мақсаты-өңірде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, халыққа қолайлы жағдай жасау.

Осы мақсатты жүзеге асыруда біз ең біріншіден, мемлекеттік қызметке арнайы мониторинг жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныс білдіреміз. Яғни бұл жоба халық үшін кедергісіз ортаны қалыптастыруды көздейді.

adal81020

Бүгінде осы бағытта «Атырау Адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсе өкілі және аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшісі Айбек Саматұлы осы аптада білім бөлімі, Жалғансай ауылы тұрғындары,аудан жастары және емхана қызметкерлерімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

adal-81020-

Жұмыс барысында жастарды және аға-буын өкілдерін сыбайлас жемқорлық және жобалық кеңсе жұмыстары мен міндеттері жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

А.СИРАШ,

"Атырау-Адалдық алаңы" жобалық

кеңсесінің аудандағы өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT