«Заңды сақтау – өзіңді қорғау»

Облысытық Полиция департаментінен келіп түскен нұсқауға сай білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға қатысты және олармен жасалатын құқық- бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында аудан көлемінде ағымдағы жылдың 6-13 ақпан аралығында «Заңды сақтау – өзіңді қорғау» атты құқықтық ағарту апталығы өтуде.

Аталмыш іс-шараға учаскелік полиция инспектор­ларымен қоса ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкілдері, жергілікті атқарушы органдар, жастар ресурстық орталығы, діни және медицина саласы мамандары қатысып, кәмелетке толмағандар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Оның ішінде, оқушыларға мұздағы қауіпсіздік, мұз еру кезіндегі қауіп-қатерден қорғану, өрт қауіпсіздігі, жылу жүйелерінің ақаулары, буллинг және кибер­буллинг, әлімжеттік пен қорлау нәтижесінде орын алып жатқан қайғылы жағдайлар, есірткінің зияны мен қауіптілігі, ол үшін көзделген жауапкершіліктер, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жа­салатын қылмыстарды болдырмау, топтық төбелес, бұзақылық қылмыстары үшін қылмыстық жаза, оқушылар арасында тыйым салынған бұйымдарды пайдалану, қауіпті заттар мен заңсыз қаруды пайда­лану мәселелері толықтай түсіндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар ауданға қарасты барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, алға қарай да кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT