«ЕТ ЖЕСЕҢ ТІСІҢЕ, ЖЕМЕСЕҢ ТҮСІҢЕ КІРЕДІ» ДЕМЕКШІ, ЕТСІЗ КҮН КЕШПЕГЕН ХАЛЫҚТЫҢ БІРІ – ҚАЗАҚ. ЕЖЕЛДЕН ТӨРТ-ТҮЛІК ҰСТАҒАН АТА-БАБАМЫЗДЫҢ ҚАНЫМЕН БЕРІЛГЕН ҚАСИЕТ БОЛСА КЕРЕК, СОҒЫМСЫЗ ҚЫСҚА КІРМЕУГЕ ТЫРЫСАМЫЗ. АЛАЙДА БАЗАРДАҒЫ ЕТТІҢ БӘСІН ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫ КӨТЕРЕ МЕ, ЖОҚ ПА? МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАРҒА АРНАЙЫ ТОҚТАЛЫП:
«ЖАЛПЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕР АЗ ЕМЕС. ФЕРМЕРЛЕР, САРАПШЫЛАР ТҮРЛІ ТҮЙТКІЛДЕР ТУРАЛЫ ЖАЗЫП ЖАТЫР. МЫСАЛЫ, БОРДАҚЫЛАУ ОРЫНДАРЫ МАЛСЫЗ, ЖАРТЫЛАЙ БОС ТҰР, СЕБЕБІ, МАЛ КӨРШІ ЕЛДЕРГЕ ТӨМЕН БАҒАМЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР. АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ БАСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ» ДЕГЕН ЕДІ. ПРЕЗИДЕНТ ІШКІ НАРЫҚТЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ ТАПСЫРҒАНЫМЕН, СЫРТ ЕЛДЕРДІҢ СҰРАНЫСЫ БАСЫМЫРАҚ БОЛЫП КЕТТІ. БІРЕР КҮНДЕ БАЗАРДАҒЫ ЕТ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП, СИЫР ЕТІНІҢ БІР КЕЛІСІ 3000 ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Ал, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте ет бағасының қымбаттауының негізгі себептерін былай түсіндірді:
«Тәжікстан мен Өзбекстаннан етке деген сұраныс күрт көбейді. Оған қоса, Қазақстандағы делдалдар да жағдайды пайдаланып, бағаны өсірді. Қазір нарықта баға біртіндеп тұрақтанып келеді»-депті министр өз сөзінде. Баға расымен енді тұрақтала ма? Ауылда ет дүкендері неге жабылып жатыр? Сатушылар не дейді? Аудандағы ең үлкен мал бордақылау орнын ашқалы отырған шаруагердің жайы қалай? Ірі сабақты мал азығына беретін субсидияның тоқтауы тиімсіз болды ма? Осы сұрақтарға біз де жауап іздеп көрдік.
Ашық дереккөздердегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 9 млн- нан астам ірі қара бар. Жылына орта есеппен 500 мың тонна сиыр еті өндіріледі екен. Бірақ сарапшылардың сөзінше ол да жылдан жылға азайып жатыр. Мәселен, ет өндірісі бір айда 4% -ға төмендеген кездер де болыпты. Осы тұста бір қызық ақпарат болсын. Әлем ғалымдары қазір жасанды ет әзірлеудің қамына кірісіпті. Олар мұны халық санының өсуі және экологиялық ахуалмен түсіндіреді. 2050 жылдарға қарай жаһан халқы 10 миллиардқа жетеді деген болжаммен, адамзатты тамақтандыру үшін мал басы көбейсе, табиғатқа көп нұқсан келеді деп санайды. Яғни, ірі қара сиырдың тезегінен бөлінетін метан газы ауаны ластап жатыр екен. Бұл, әлбетте жайылым жөнінен әлемде 5 орын алатын Қазақстанға қатысы жоқ статистика деп ойлаймыз.
ЕТ ДҮКЕНДЕРІ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТА МА?
Жасанды ет болмаса да, жат елден келетін ет біздің нарықта жоқ емес. Оны сатушы да, сатып алушылар да біледі. Шет мемлекеттерден келетін «екінші сұрыпты» еттің бағасы арзан, бірақ сапасы қалай екенін біз білмейміз. Әйтсе, де ішкі нарықта оған да сөзсіз сұраныс бар. Ауыл шаруашылығы саласы сыртқы сұранысқа сұранып тұр дегенімізбен, оны өтеуге келгенде қауқарымыз жете ме? «Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан секілді көршілес мемлекеттерден етке тапсырыс артып еді, дүкен түгілі, қорамызда сойып алар малымыз қалмады» деп отыр ет дүкенінің иесі, кәсіпкер Теңізбай Жалғасбаев.
– Соңғы 2-3 айдыңкөлеміндеАтырау, Ақтөбе, Оралоблыстарыныңбарлықсай- саласыменқырындағысоюға, бордақылауғажарамдыіріқараныоңтүстіктенфураларкеліптиепалыпкетті. Аралап, таңдапжүріпнарықтағыбағаданбәсінөсіріпсатыпалды. Бәрімізбілемізоңтүстікаймақтарда 10 мыңдапмалбордақылайтынірікооперативтербар. Соларарықарайалыс-жақыншетелгесатыпотыр. Осыныңсалдарынанміне, ішкінарықтасоюғасатыпалатынмалқалмады. Қалсада, бәсітымжоғары. Көтермесауданыңөзінде 2700 теңгеденаламыз. Оныауылдамалсоюорныжоқболғансоң, қалағаапарыпсойғызыпдайындапәкелеміз. Жолшығынымызды, көретінпайдамыздықосқандаеттіңсатубағасы 3500-гебарады. Халықделдалдепбіздіойлайды. Бірақ, іштегінарықтансатыпалыпотырғанбізсекілдікәсіпкерлербағаныңөсуінеқаттыықпалжасайалмайды. Жаңаайтыпөткенімдей, мыңдапкөтеріпалатындарболмаса. Әзіргемынадайбағаменетсатуданпайдажоқдепсанаймын. Ауылдыңішіндегіетдүкендерібағақайтақалпынакелгеншежұмысынтоқтатуданбасқаамалқалмайтынсекілді,-дейді кәсіпкер
«Соңғы 3-4 жылда ет бағасы өңірде тұрақты болғанымен, соңғы өсім халықтың да, кәсіпкердің де қалтасын қағып отыр» дейді жергілікті ет сатушылар.
ШАРУАГЕРДІҢ ШАРУАСЫ НЕГЕ КЕНЖЕЛЕП КЕТТІ?
Көтерме сауда қымбаттаған соң кәсіпкерлер де баға бәсекесінде халық зардап шегетінін біліп отыр. Ал, осы ірі қараны өзі өсіріп, жыл сайын тұқымын түрлендіріп, аудандағы ең ірі мал бордақылау орнын ашуға жұмыстанып жатқан кәсіпкер Амангелді Қонашевтың да бұл тұрғыда айтар ойы бар. Отыз жылдан астам ауыл шаруашылығында тәжірибесі бар агроном, мемлекеттен берілетін субсидияның тоқтауы біраз шаруагердің шаруасын кенжелетіп тастауы мүмкін дейді. Естеріңізге сала кетейік, елімізде биылдан бастап ірі сабақты мал азығына берілетін субсидия беру тоқтатылған болатын. Оның орнына Үкімет алдағы он жылдықта жеңілдетілген несие бағдарламасына біртіндеп көшуді мақсат етіп отыр. Ал, несие мен субсидия арасындағы айырмашылықтың барын шаруагерлер әлі де болса талқыға салуда.
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласына қызығатын жастардың басым бөлігі саладағы шығынның шаш-етектен екенін көріп, бастап, орта жолдан тастап та кетіп жатыр. Осы істе ұзақ жыл тәжірибесі бар маман ретінде оның себебін де жақсы түсінемін. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы бағытындағы жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар мен субсидиялар жақсы беріліп, өңірде мал бағушы жастардың саны артты.Әйтсе де, біз де жем-шөп мәселесі – әуелден басты мәселе. Өзімізден шықпаған соң, қыстың қамын жаз ойлап, басқа облыстардан тасымалдаймыз. Оны да техникасы барлар жасай алады. Болмаса нарықтағы бағасына сатып алып отыр. Малдың жем-шөбі өзін ақтауы үшін де айналым керек. Міне, осы сынды мәселелер туындағанда ірі сабақты мал азығына беретін азды-көпті субсидияның тоқтауы шағын, жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін тиімсіз болып қалды. Жеңілдетілген несиені алу үшін де кейбірінің ауылдағы үйі кепіл сомасына жетпей жатады. Ал, енді бордақылау мәселесіне келсек, қазір өзіміздің осы Алға ауылындағы жер учаскемізге аумағы 750 кв болатын жаңа технологиямен жабдықталған мал бордақылау орнын дайындап жатырмыз. Құрылысы толықтай дерлік аяқталды. Малдың қиын тазартатын және жем-шөбін дайындап отыратын технологияны іске қоссақ, жақын арада ірі қараны осы орынға көшірмек ойымыз бар,-дейді шаруагер.
БІР ЖЫЛДА 700 БАС БОРДАҚЫЛАЙТЫН ОРЫН АШЫЛАДЫ
Атап өткеніміздей, отыз жыл осы салада, он жылдан астам мал тұқымын түрлендіру бағытында тәжірибесі бар маман өңірде қазақтың ақ бас сиырының санын көбейтуге үлес қосып келеді. Оның ішінде нағыз бордақылауға арналған, етті бағыттағы тұқымның өзін бүгінде «Бірлік» шаруа қожалығы 400-ге жеткізген. Ал, жаңа бордақылау орны сыйымдылығы жағынан жылына 600-700 бас ірі қараны қамти алады. Жалпы, шаруашылықтың аумағында 100 бастай сыйымдылығымен ескі бордақылау орны да жұмысын жасап тұр. Мұнда бәрі техниканың емес, адам күшімен жасалады. Әйтсе де, осында бағып-бапталған сиырлар бүгінде өзіміздің ішкі нарықта сатылымға жіберіліп отыр. Жас ерекшелігіне қарай, 1,5-2,3 жасқа толған ірі қара тұқымының біреуі 250 кг-нан асырып ет береді екен. Климатқа төзімді ақ бас сиыр күніне орта есеппен 5 кг жем жесе, 3-4 айда союға дайын болады дейді шаруашылық мамандары. Маман демекші, осы үлкен қожалықта бір отбасынан үш бірдей агроном еңбек етуде. Амангелді аға ауыл шаруашылығына тек өз өмірін ғана емес, балаларының да болашағын байланыстырып отырған белді кәсіпкер. Әсіресе, өңірде, елімізде осы саланың мамандары тапшылығын түсініп, қос ұлына да агрономның дипломын алып берген.
«Шаруашылықта қазір 10-нан астам адам еңбек етіп жүр. Біздің отбасында агроном көп болғандықтан малдың жем-шөбін, дәруменін барлығын уақытымен, өлшеп беріп отырамыз. Сонымен қатар, қысқы мал азығын дайындауда көршілес облыстарға техникамызбен барып, өзіміз жеткіземіз»- дейді кәсіпкер А.Қонашев.
«ЕТ КОМБИНАТЫН САЛУ ҚОЛҒА АЛЫНСА...»
Мемлекет басшысы елде мал бордақылау орындарының бос қалғанын айтып, бұған себеп - етті сыртқа сату екенін де ашық жеткізді. Осы салада тәжірибесі бар маман ретінде шаруагердің бұл туралы пікірін де тыңдап көрдік.
– Жалпы бұл салада жан-жақтылық, ептілік және айналымға қаражат керек екенін ұлдарыма жиі айтып отырамын. Алайда, шаруагердің айналымына қаражат сол малын сату арқылы келеді. Кешегідей жем-шөпке қаржы керек болғанда Махамбет, Қызылқоға жеріндегі біраз кәсіпкер бордақылап отырған малын жаппай сатты. Үлкен кооперативтерді ұстап отырған Түркістан облысынан арнайы келіп сатып алушыларға да бұл қолайлы болып кетті. Салдарынан, сойылатын мал саны азайып, базарда ет бағасы күрт өсіп, халыққа қиын болып отыр. Сондықтан алдағы уақытта ауыл шаруашылығында тұрақты бағдарламалар жұмыс жасаса дейміз. Жыл сайын жаңа өзгеріс, алып тастау, қайта қосу шаруаларды да қажытып жібереді. Мәселен, бордақыланған малды бұрын көтерме саудада 2200-ден алса, қазір 2800-ден сұрап жатыр. Бұл көрсеткіш сәйкесінше, базар бәсіне де қосылады. Сұраныс бар жерде, баға тұрақталудың орнына, қымбаттап бара жатыр. Өңірімізге белгілі ғалым Жәнбек Аралбаев ағамыз бірнеше жылдан бері Атырауға ет комбинаты керектігін айтып келеді. Осы мәселені мемлекет қолдау білдіріп, қолға алса, ет бағасы тұрақталар деп сенемін. Бұрынғыдай малды бір орыннан бордақылап, бір нүктеден алып базарға бөлсе, әрі қауіпсіз, әрі тиімді болар еді. Менің бұл ойымды көптеген шаруалар құптайтыны сөзсіз», – дейді кәсіпкер ағамыз.
«Алғадағы «Бірлік» шаруа қожалығы мал бордақылау орнының құрылысына 25 млн, технологиямен жабдықтауға 8 млн теңге қаржы жұмсаған. Әйтсе де, Атырау үшін ішкі нарықтағы ет сұранысын толықтыруға бәрібір ет комбинаты керек» дейді шаруалар. Аудандық ауыл кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жүргізген мониторингке сүйенсек, осыдан екі күн бұрын аудан басындағы дүкендері сөредегі соңғы еттерін 2500-2800 теңгеден сатыпты. Көтерілген бәсін білмек болып барып едік, біз аралаған ет дүкендері жабық тұрды. Сыртқы сұранысты азайтып,Президент айтқандай «ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін» осы мәселеге де ден қойылса, ет бағасы бәлкім тұрақталар деген үміттеміз.
А.САТАЕВА