Тасқын суға дайындық пысықталды

Махамбет аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мәжілісі шақырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Асқат Аймұратов пен фракция мүшелері және БАҚ өкілі қатысты. Партияның бұл жолғы фракция отыры­сында Махамбет ауданының 2023-2027 жылдарға арналған сай­лауалды бағдарламасының 2024 жылы орындалысы тыңдалды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ауданда су тасқынының алдын алу жұмыстары» қалай атқарылып жатқаны жөнінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірлан Бертілеуов баяндама жа­сады.

Өткен жылы көктемгі су тасқыны кезінде 16,7 шақырым бөгет қалпына келтіріліп, жаңадан бөгеттер соғылды. 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 101 805,2 мың теңгеге смета жасақталды. Келісімшарт жасалып, жұмыстарды бастау үшін жергілікті бюджеттен 10 461,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бір көзден «West Building Group» ЖШС мекемесімен келісім- шартқа отырылды. Негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар 6,0 шақырым орнатылған бөгеттерді нығайтып, 16 000 дана тонник қапшықтар салу қажет. Жұмыстар ақпан айының соңында аяқталады деп жоспарлану­да. Қазіргі таңда 2000 тонна тонник қапталды.

Ақтоғай ауылдық округі, Атам­баев елді мекені бойынша су тасқыны кезінде 1,2 шақырым бөгет нығайтылып, жаңа бөгеттер соғылды. Биылғы жылға су тасқынының алдын алу мақсатында 63 183,0 мың теңгеге смета жасақталды. Негізгі жұмыстар: 1,2 шақырым бөгетті қайта көтеру, 1,1 шақырым жерге жаңадан бөгеттер соғу. Бала-Ораз елді мекеніне де 2025 жылға көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында 53 935,0 мың теңгеге смета жасақталды. КеңӨріс елді мекені бойынша 50, 565 мың теңгеге смета жасақталды. 1,8 шақырым жерге жаңадан бөгеттер соғу жұмыстары жүргізілуде. Бөгет соғу жұмыстарына «Имат-Строй» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. 6 КаМАЗ, 2 погрузчик, 1 бульдозер. 11 адам жұмылдырылды. Жұмыстар ақпан айында аяқталады.

Сарайшық ауылы бойынша: 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 101 732,0 мың.теңгеге смета жасақталды. 2,1 шақырым бөгетті нығайту және 1,1 шақырым бөгетті жылжытып қайта соғу жұмыстары жүргізілуде. «Мак­сима-Систем» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. 5 КаМАЗ, 1 каток, 2 гидромик, 1 погрузчик, 1 экска­ватор барлығы 10 техника. 11 адам жұмылдырылған жұмыстар ақпан айында аяқталады.

Алға ауылдық округі бойынша: 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 23 254,0 мың.теңгеге смета жасақталды. Мемлекеттік сатып алу арқылы «Нұрхан» ЖШС жеңімпаз бо­лып танылып, жұмыстары бастал­ды. Атқарылған жұмыстар – 2,5 шақырым бөгетті қайта көтеріп нығайту, 0,5 метр бөгетті ығыстыру және 0,1 метр бөгетті қайта соғу.

Жалғансай ауылдық округі бойын­ша көктемгі су тасқыны кезінде 5,4 шақырым бөгет қалпына келтіріліп, жаңадан бөгеттер соғылды. Биыл да су тасқынының алдын алу мақсатында 14 295,0 мың теңгеге смета жасақталды. Келісімшарт жасақтап, жұмыстарды бастау үшін жергілікті бюджеттен 1 233,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу арқылы «Максимова Би­бигул» ЖК жеңімпаз болып таныл­ды. 1,2 шақырым бөгетті нығайту, 0,5 метр бөгетті қайта соғу. 100 тоналық қапшықтар салу жұмыстары толық аяқталды.

Бейбарыс ауылы бойынша 2025 жылға көктемгі су тасқынының ал­дын алу мақсатында 74 075,0 мың теңгеге смета жасақталды. «Глобал» ЖШС мекемесімен келісімшарт жасақталып, қазіргі таңда тонник қаптау жұмыстары жүргізілуде. Талдыкөл ауылы бойынша 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 108 589,0 мың теңгеге смета жасақталды. 1,9 шақырым бөгетті нығайту, 0,1 шақырым жерге тонналық қапшық салу тапсырыл­ды. Сонымен қатар Аққайың ауы­лына 0,7 шақырым бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізге «Калин­тул» ЖК мекемесімен келісімшарт жасақталды. Жұмыстар ақпан айын­да аяқталады.

Есбол ауылы бойынша көктемгі су тасқыны кезінде 5 шақырым бөгет қалпына келтірілді. 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 6 913,9 мың.теңгеге сме­та жасақталды. Жұмыстар ақпан айының ортасына дейін аяқталуы үшін, 1 бульдозер, 1 погрузчик, 3 Ка­МАЗ, 1 гидромик жұмылдырылды.

Ортақшыл ауылында 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 9 877,0 мың теңгеге смета дайындалды. Келісімшарт жасақтап жұмыстарды бастау үшін жергілікті бюджеттен 2 466,0 мың теңге қаржы бөлінді. СТҚ аумағына 0,5 шақырым жерге бөгет соғу және ұзындығы 1,5 шақырым бөгетті қалпына келтіру жұмыстары ақпан айының ішінде дейін аяқталмақ.

Еңбекшіл ауылы бойын­ша көктемгі су тасқынының ал­дын алу мақсатында 13 827,0 мың теңгеге смета жасақталды. 3,5 шақырымды құрайтын бөгетті қайта қалпына келтіру, СТҚ аумағына 0,5 шақырым бөгет соғу жұмыстары жүргізілді. Жалпы Есбол ауылдық округі бойынша бір көзден «RFA company» мекемесімен келісім-шарт жасақталды.

Ақжайық ауылдық округі бойынша 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 26 192,0 мың теңгеге смета жасақталды. Мемлекеттік сатып алу арқылы «AISANA» ЖК жеңімпаз болып та­нылып, жұмыстары басталды. 1,1 шақырым бөгетті сыртынан нығайту, 0,2 шақырым жерге геотекстиль төсеп, 2 қатар тонник қапшықпен бекіту жұмыстары толық аяқталды.

Бақсай округі, Таңдай, Көздіқара, Есмахан ауылдарында 2757 халық қоныстанған. Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында 29 977,0 мың теңгеге смета жасақталды. Келісімшарт жасақтап, жұмыстарды бастау үшін жергілікті бюджеттен 1 723,0 мың теңге қаржы бөлінді. Таңдай ауылына 0,4 шақырым жаңа бөгет соғу, 1,5 шақырым бұрынғы бөгеттерді нығайту, Көздіқара ауы­лына 2,5 шақырым бөгетті, Есмахан ауылында 1,1 шақырым бөгеттерді нығайту жұмыстарына «ИП Қуатов»- пен келісімшарт жасалды,-деп баян­дады бөлім басшысы өз баяндама­сында.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылға көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында бөгеттерді қалпына келтіру және жаңадан бөгет соғу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 679 275,0 мың теңге қаржы бөлінген. Қосымша резервте 300 мың қапшық сақтаулы. Ал, гуманитарлық көмек арқылы 1 үрмелі қайық маторымен, 15 дана генератор, 20 дана мотопом­па алынған. Дизель отынының 39 тоннасы резервке деп дайындалу­да. Көктемгі су тасқынының алдын алуға қатысты фракция мүшелері де қосымша сұрақтарын қойды. Оның ішінде аудан бойынша ең қауіпті нүкте саналатын Сарайшық, Талдыкөл ауылдарындағы жұмыстар тағы да пысықталды. Сонымен қатар Махамбет аудандық мәслихатының депутаты Эльмира Жалғасқызы:

– Өткен жылғы су тасқынының салдарынан көптеген каналдар құрғап қалды. Алдағы уақытта апат қайталанса, каналдарды қалпына келтіру жұмыстары қалай болады?- деген сауалын қойды. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Аймұратов жауап берді.

«2024 жылғы көктемгі су тасқыны ауданға қарасты каналдардың бәріне зардабын тигізді. Барлығын дерлік су шайып кетті. Тіпті, ауыр техниканың көмегімен суды әрі қарай өткізу үшін каналдың жыра­ларын ашып жібердік. Өткен жылғы оқиғадан соң облыста «Табиғат» мекемесі құрылып, барлық канал­дарды өз қарауына алып жатыр. Біздің аудан да сәйкесінше сол мекеменің қарауына беруге дайын­дап жатырмыз»-деді аудан әкімінің орынбасары А.Саламатұлы.

– Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз кезегін алған тағы да аудан әкімінің орынбасары А.Аймұратов «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойын­ша ауданда 2024 жылғы атқарылған жұмыстарын түйіндеді. Бағдарлама бойынша фракция ұсынған 41 іс- шараның басым бөлігі орындалған.

Құрметті фракция мүшелері мен жиынға қатысушылар. Өткен жылдың қорытындысымен аудан­да бірқатар іс-шаралар орындалып, жобалар жүзеге асты. Он екі айдың көрсеткішімен 1443 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 924 адам тұрақты, 519 уақытша қызметке ілікті. Жыл басынан бері 1058 жас орталыққа хабарласып, қысқа мерзімді курсқа 4 жас, «Бизнес Ба­стау» бойынша 47 жас, тұрақты жұмысқа 414 жас, әлеуметтік жұмыс орнына 10 жас, жастар практикасы­на 107 жас, қоғамдық жұмысқа 70 жас, алғашқы жұмыс орнына 25 жас жолданып, 13 жас мемлекеттік грант алды. Ұлттық жоба шеңберінде жыл басынан бері 2569 адам орталыққа хабарласып, 1762 адам белсенді ша­ралармен қамтылды. Аудан бойынша еңбекке қабілетті 524 мүгедектігі бар адамның 169-ы еңбекке араласты.

2024 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша 16 маманға көтерме жәрдемақы (1 маманға-345 мың теңге), 2 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджетті кредит табыстал­ды. «Бизнес-Аймақ» бағдарламасы шеңберінде 7 «Іскер» бағдарламасы бойынша 3 жұмыс орны құрылды. Аудандық және ауылдық мәдениет үйлеріне 58 штат бірліктері беріліп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және та­сымалдаушылармен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 12 меморан­дум жасақталды. Жыл ішінде 3 рет ат бәйгесі, қазақ күресі, асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойын түрлерінен облыстық, аудандық 8 жарыс ұйымдастырылып, екі спорт­шымыз «Спорт шебері», төртеуі «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағын алды. 2024 жылы Махамбет ауда­ны бойынша апаттық ден танылған тұрғын үйлерді көшіру мақсатында облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жола­ушылар көлігі және автомобиль жол­дары бөліміне 540 млн. теңге қаражат бөлініп, Сарайшық ауылынан 38 тұрғын-үй алынды. Жыл аяғына дейін 46 үй табыстау жоспарланса, соның 23-і күні бүгінде аз қамтылған отбасыларға табысталды. Осы ағымдағы жылға біз тағы да 50 үйге қаражат бөлінеді деп отырмыз. Сон­да аудан басындағы апатты үйлерді толықтай игеріп, ауылдық округтер­ге кезек келеді деп күтудеміз. Ауыз су тазарту қондырғылары жоқ алты елдімекенге де облыстық бюджет­тен, қосымша аудандық бюджеттен қомақты сома бөлініп, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Бала Ораз ауылындағы су желісінің құрылысы аяқталып тұр. Облыстық бюджеттен 7,857 млн. теңге қаржы бөлініп, оған 10000 түп ағаш сатып алынды. Көктемгі науқанда Ма­хамбет ауданына 4925 ағаш егілді. Өңірлік жоспарда ағаш отырғызуда 100 пайызды құрап тұрмыз, -деді ау­дан әкімінің орынбасары өз баянда­масында.

Жиынға қатысушылар тарапы­нан болған қосымша сұрақтарға да жауап алынды. Әсіресе, ауданда салынатын 400 орындық мәдениет үйі мен орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мәселесі қозғалды. Аудан әкімінің айтуынша «алдағы 3 жылдықта орталық кәріз жүйесінің жұмысы толық іске қосыла қоймайды, сондықтан қазіргі бу­лану алаңына қосымша жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп жатыр. Себебі, жаңа 60 пәтерлік үйді пайдалануға бергенде, булану алаңының қазіргі сыйымдылығы жарамсыз. Ал, мәдениет үйлерінің құрылысы жобалық- сметалық құжаттама кезеңінен өтіп, мемлекеттік сараптаманың қортындысын күтуде». Тараптардың сұрақ-жауаптары аяқталған соң «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Р.Әженов фракция отырысына қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT