Заң мен тәртіп – мектептегі тәрбиенің берік тұғыры

«Заң мен тәртіп» қағидатын жас ұрпақ тәрбиесіндегі басты құндылықтардың бірі. Мектеп – баланың азаматтық ұстанымы қалыптасатын алғашқы орта. Осы кезеңде оқушының бойына заңға құрмет, тәртіпке жауапкершілік және қоғам алдындағы міндетті сезіну қасиеттерін сіңіру аса маңызды.

Білім беру үдерісінде құқықтық тәрбие тек арнайы пәндермен шектелмей, күнделікті сабақ пен тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болуы тиіс. Оқушы заңды біліп қана қоймай, оны сақтаудың маңызын түсінгенде ғана саналы азамат ретінде қалыптасады. 

Тәртіп – табысты білім алудың, ал заңға құрмет – әділетті қоғам құрудың негізі.
Мемлекетімізде заң үстемдігін нығайтуға бағытталған бастамалар білім беру саласына да тікелей қатысты. Өйткені заңды құрметтейтін ұрпақ – елдің ертеңгі тірегі. Осы жолда мұғалім мен ата-ананың, мектеп пен қоғамның бірлескен жұмысы шешуші рөл атқарады.
Заң мен тәртіпке негізделген тәрбие – қауіпсіз, жауапты әрі болашағына сенімді қоғам қалыптастырудың басты кепілі.

Тасмағамбетова Гүлфайруз,
Д.Төленов атындағы мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT