Президент Жолдауы – Қазақстан Қарулы Күштерін нығайтудың стратегиялық бағыты

Президент Жолдауында Қазақстанның Қарулы Күштерін дамыту және ұлттық қауіпсіздікті нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы ел қорғанысының мызғымастығы, әскердің жауынгерлік даярлығы мен заманауи талаптарға сай болуы – тәуелсіз Қазақстанның басты басымдықтарының бірі екенін нақты атап өтті.
Жолдауда Қарулы Күштерді техникалық тұрғыдан жаңғырту, әскери басқару жүйесін жетілдіру және заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетілді. Бұл бағыттағы шаралар әскердің кәсіби деңгейін арттырып, кез келген қауіп-қатерге жедел әрі тиімді әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді.
Сонымен қатар әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсету мәселелері де назарда болды. Әскерилердің тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерінің шешілуі – олардың қызметке деген жауапкершілігі мен Отанға адалдығын арттыратын маңызды фактор.
Президент Жолдауында белгіленген міндеттер Қазақстан Қарулы Күштерінің әлеуетін күшейтіп, елдің қорғаныс қабілетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл – мемлекеттің бейбіт өмірін сақтау мен болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жүйелі әрі стратегиялық қадам.
подполковник Нәсіпқалиев Нысаналы Нәсіпқалиұлы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT