Алға ауылдық округінде қар тазалау жұмыстары күшейтілді

Махамбет ауданына қарасты Алға ауылдық округінде қалың қардың түсуіне байланысты қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жауған қардың ауыл ішіндегі көшелер мен кірме жолдарды басып қалуы тұрғындардың қатынасына қиындық туғызған.

Осыған орай ауылдық округ әкімдігіне тиесілі арнайы техника 16 қаңтар күнінен бастап күні-түні тазалық жұмыстарын қолға алды. Қазіргі уақытта негізгі көшелер мен ауылға кіреберіс жолдар тазартылып, қозғалысқа қолайлы жағдай жасауға басымдық берілуде.

Жауапты мекемелердің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұмыстар жоспарлы түрде жалғасып жатыр.

 

Алға ауылдық округі әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT