«Волонтер жылы» ресми түрде ашылды

Ауданымызда мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығымен бекітілген биылғы волонтерлар жылының ашылу салтанаты болып өтті. Оған Ж.Бахуұлының өзі арнайы қатысып, ауданымыздың белсенді, ерікті жастарына сәттілік тіледі.

vol-0403206-

Аталмыш шарада аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Жайлыбайұлы да жастарға алғысын айтып, атқарылған бірқатар жұмыстардың нәтижесі, болашақтағы тың жобалардың жоспарымен бөлісті.

v_0403205-

Сонымен қатар «Жарын болашақ» ҚБ-нің жетекшісі Дана Ғасырбек, «Серпер» еріктілер тобының жетекшісі А.Хамидуллина, «Парыз» еріктілер клубының жетекшісі Ж. Қуанышқалиевалар атқарылған жұмыстардың есебімен бөліссе, т.б ерікті жастар білім, таза әлем, қамқор, асыл мұра, бағыттары бойынша өз жобаларын қорғап, таныстырды.

v

volon_0403207-

Аталмыш кештің қонақтары «28 петель» халықаралық деңгейдегі волонтерлар клубының Атырау қаласындағы филиалының мүшесі – Жанар Дәулетова, «Доброе сердце Атырау» зоо-волонтерлік ұйымының мүшесі Лугзана Байлауова, «AV Team» эвент-волонтерлік ұйымының жетекшісі Ілияс Сүйінғалиев та өз тәжірибелерімен бөлісіп, жақсылық жасау үшін ең бастысы мүмкіндік емес, таза ниет пен ынта-жігер керек екендігін түсіндірді.

Жалпы ауданымызда бүгінде жастар мен үлкендерден құралған бірқатар ерікті топтар, қайырымдылық шараларымен тұрақты түрде айналысып келеді. Соның ішінде 2017 жылы құрылған «Иман жастары», «Жайық Жастары» еріктілерінің еңбегі көпшілікке, кейінгі волонтерлық топтарға үлгі болса екен дейміз.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521