Қоғамнан тыс қалмайды

Махамбет ауданын 34 мың халық мекендесе, соның мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Қоғам мен мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж бұл адамдардың талап-тілектерін тыңдайтын бүгінде әр облыс, әр ауданда арнайы қоғамдық бірлестіктер қызмет атқарып жатыр.

Жуырда «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында өткен жиында «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ-ның төрайымы Кулушева Мадина Кенжеғалиқызы қатысып, аудан басында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жаңалықтармен бөлісті.

nurotan040320

Аудандық мүгедектер қоғамының басшысы, ардагер Мәндірғали Оразғалиев жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, өз есебін берді. Ал, мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, өзі сынды азаматтарды белгілі бір өнерге баулып, қамқорлап, заманның ағымына бейімдеп жүрген ауылдық округтердегі бірқатар белсенді азаматтарды аудан әкімі Ж.Бахуұлы осы кездесуде арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.

n

n

nurotan-0403201

Облыстан ат басын бұрып, арнайы келген ҚБ басшысы Мадина Кенжеғалиқызы өзі басшылық еткен бір жарым жылда атқарылған көптеген игі істердің артында дәл осы мүмкіндігі шектеулі жандардың да еңбегі барын айшық айтты.

Әсіресе, ауданымыздағы «Ер жүректілер» спорт клубы мен «Ақ жол» қоғамдық бірлестігінің белсенділігін ерекше атап өтті.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT