Алты үйге сайлау жәшігі апарылды

№218 сайлау учаскесі комиссия төрағасының орынбасары Ж.Дүйсенғалиева комиссия мүшесі Қ.Бекешовамен бірге алты адамның үйіне сайлау жәшігін апарды.

Оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектер бар. Алғаш барғанымыз 93 жастағы тыл ардагері Зибаш Қожантаева болды. Зибаш апай сайлауға дауыс беремін деп жәшіктің келуін күтіп отыр екен. Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Дүйсенғалиева сайлаудың ережесін түсіндірген соң, кейуана да өзі таңдаған партияға дауысын берді. Комиссия мүшелеріне ақ батасын арнауды да ұмытқан жоқ.

qart100121

Сонымен қатар Мырзағалиев көшесі, 20/2 үйде тұратын ІІ топ мүгедегі Ольга Әбілтаева денсаулығына байланысты сайлауға өз аяғымен бара алмағанын алға тартып, сайлау бюллетеньдерімен танысып, дауысын беруге кірісті.

qart-100121

Сондай-ақ зейнеткерлер Лұқпанова Шанғайша, Есенова Ұлболсын, Имашева Қабидалар да сайлау бюллетеньдерін алып, қалаған партиясына дауыс берді. Шоқпаров көшесі, 56 үйде тұратын зейнеткер Ғатау Губашев ел тыныштығы мен амандығы үшін дауыс беретінін айтып, мына індеттен құтылып, қалыпты өмірге оралайық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілегін білдірді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521