Вакцинация паспортын алдым

Елімізде қауіпті індеттен құтылу мақсатында вакцина алу жұмыстары жүріп жатыр.

Екпенің маңызын түсінгендер өз еріктерімен барып егілуде. Соған қарамастан ауылдастарымыздың арасында вакцина алуға мәжбүрлеп жатыр деген қауесет желдей есіп жүр.

« Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады. Өзім екпенің екі компонентін де алдым. Алғаш барған кезімде дәрігерлер адамның организмі кез келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын айтып түсіндірді.

Кез келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайтындарын, егер ауыр аллергиялық сырқаты болса, вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылатынын мәлімдеді. Вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болдым.

Екіншісін алғаннан кейін вакцинацияның электрондық паспортын алдым. Бұл – вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау, мониторингілеу және үздіксіз қарау үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль болып саналады. Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, егудің кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат қамтылады.

Індеттің алдын алудың бірден-бір жолы, ол – екпе алу. Сондықтан ғаламтор желісіндегі түрлі алып-қашпа сөздерге мән бермей, дер кезінде вакцина алып, қауіпті дертке қарсы иммунитет қалыптастыру қажет деп білемін.

Ғибрат МЫРЗАҒАЛИ,

Жалғансай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521