Ұжымға шығармашылық табыс тілейміз

Махамбет аудандық мәслихатының аппараты ұжымы да ауданымыздың айнасы саналатын төл газетіміз «Жайық шұғыласына» үзбестен жазылып, тұрақты оқырманы болып келеді.

Газет бетінде аудан тынысы, тұрмыс-тіршілігі, атқарылып жатқан іс-шаралар, жетістіктер уақытылы жарияланып тұрады.

Басылым халықты рухани азықпен қамтушы құрал. Сондай-ақ депутаттар мен халық арасындағы байланысты нығайтуда әр түрлі тақырыптағы мақалалар да жарық көріп жүр.

Аудандық газетіміздің баламалы жазылымына атсалыса отырып, редакция ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!

Марат Мырзашев,

аудандық мәслихат хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT