Газеттің бағын асыратын да, құтын қашыратын да оқырман

«Жайық шұғыласы» газетінің аудан тарихында өзіндік орны бар.

Қай кезде де еліміздің экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуы жолында, халқымыздың рухани байлығын арттыруда ауданымыздың басты саяси үні ретінде қоғамдық пікір қалыптастырып келеді.

Менің ойымша мемлекеттік тілде шығатын басылым – ұлттық қауіпсіздігіміздің иммунитетінің қалыптасуына үлес қосады. Осы орайда аудан айнасы тіліміздің тұғырын биіктетіп жүрген бірден-бір басылым екені анық.

Ауданымызда газет-журналдарға жазылудың кезекті науқаны басталды. Көзі қарақты оқырман өзіне қажетті басылымға жазылуға асығуда. Мен де жергілікті «Жайық шұғыласына» жазылу үшін редакция ғимаратына асыға жеттім. Бұл жерде мен сияқты сүйікті газетіне жазылып қалуға асыққан адамдардың көптігіне куә болдым. Газеттің бағын асыратын да құтын қашыратын да оның оқырманы.

Олай болса, газетке жазылудан қалыс қалмайық, ағайын!

Мардан СЕЙТҚАЛИЕВ,

аудан әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз