Үміткер шаруагерлер ортасында

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Амангелді Қонашев Алға ауылының ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіп иелерімен кездесу өткізді.

-«Nur Otan» партиясының Махамбет ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында бірінші басымдық ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге берілген. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өткір және өзекті болып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау көзделіп отыр. Атап айтар болсам, аудан бойынша мүйізді ірі қара мал басының санының өсімін 3 пайыздан 7,1 пайызға, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының үлесін 519 басқа арттыруға, мал азығы дайындалатын алқапты 2370 га-дан 2460 га-ға дейін ұлғайтуға, , суару-суландыру каналдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 151,8 млн. теңгеге техника сатып алуға ықпал етеді. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы мүйізді ірі қара малдың үлесі 50,4 пайызға, ұсақ қара мал басының үлесі 44,4 пайызға жететін болады. Бұған қоса ауыл бизнесін дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен кәсіпкерлердің 36 жобасы несиелендірілетін болады. Ауыл шаруашылық пен кәсіпкерлікті қолдай отырып, партия 2025 жылға қарай орташа еңбекақының 246,6 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін артуына, жұмыссыздық деңгейін 4,6 пайызға төмендетуге қол жеткізуді көздеп отыр.

Ауыл халқы күннен-күнге ұлғайып келеді. Демографиялық даму көрсеткіші жоғары. Бұл ауыл тұрғындары тарапынан қолжетімді баспана салу үшін жерге сұраныс арта түсетінін көрсетеді. Бұл орайда «Nur Otan» партиясы жеке сектор бойынша тұрғын үй құрылысын салу мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында Бейбарыс, Алға, Таңдай ауылдарына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын жүргізуге ықпалдасады. Тағы бір айта кетер жайт, Ақтоғай, Жалғансай, Талдыкөл, Есмахан ауылдарымен бірге Алға ауылына да көше жарығы жүргізіледі.

Мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сапалы білім алуға қол жеткізу – ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. 2023 жылы партияның ықпалымен Алға ауылында 160 орындық балабақша құрылысы басталады.

Менің «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде праймериз жобасына қатысып жеңімпаз атанғанымды өздеріңіз де білесіздер. Енді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде алдарыңызға келіп отырмын. Менің таңдауым «Nur Otan» партиясы. Сіздерді де осы партияға сенім артуға, алдағы сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, өзіндік жолы бар «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді А.Қонашев кездесу барысында. Бұған қоса праймериз қатысушыларына халықпен кездесу барысында айтылған 35 ұсыныстың 22-сі осы сайлауалды бағдарламаға енгізілгенін де атап өтті. Алғалық шаруагерлер үміткерге сәттілік тілеп, кездесу үшін алғыстарын білдіріп, сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасайтындарын айтты.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT